6-жаттығу.
Мәтін тақырыбын оқып, оның мазмұны не туралы болатынын
әңгімелеңіздер.
7-жаттығу.
Сөздерді әліпби бойынша реттеп жазып, олармен сөйлем
құрыңыздар.
Еңбек, заңнама, келісім, ұжым, жұмыскер, жұмыс беруші, міндеттер,
лауазым, жалақы, еңбек тәртібі, құндылықтар, демалыс, сыйақы,
Материалдық, рухани, күрделі, нормативтік-құқықтық, еңбек шарты, еңбек
қатынастары, ұжымдық шарттар, қамтамасыз ету.
8-жаттығу.
Мәтіннен 15 сөз тіркесін көшіріп жазыңыздар.
9-жаттығу.
Диалогті мәнерлеп оқыңыздар. Осы үлгіде диалог
құрыңыздар.
Абай:
- Сәлеметсің бе, Зейнеп?
Зейнеп:
- Сәлеметсің бе, Абай!
Абай:
- Зейнеп, осы мекемеде жұмыс істегеніңе қанша болды?
Зейнеп:
- Жұмыс істегеніме 1 ай ғана болды.
Абай:
- Мынау сенің жұмыс орның ба?
Зейнеп:
- Иә, бұл – менің жұмыс орным.
Абай:
- Зейнеп, жұмыс орның жақсы жабдықталған ба? Өзіңе
ыңғайлы ма?
Зейнеп:
- Иә, маған керек заттарының бәрі бар: үстел, кітап сөресі,
компьютер, факс. Компьютерім интернетке қосылған.
Абай:
- Кеңсе жабдықтары бар ма?
Зейнеп:
Иә,
мекеме
әкімшілігі
жұмыс
орнымды
кеңсе
жабдықтарымен қамтамасыз етті: екі түрлі қағаз (А3, А4),
қағаз қондырғыш, степлер, қалам, желім, қайшылар бар.
Абай:
- Тамаша!
Зейнеп:
- Жұмыс орным ыңғайлы, әрі жайлы.
Абай:
- Менің де жұмыс орным жабдықталған, өзіме ұнайды.
Зейнеп, жұмысыңа табыс тілеймін!
Зейнеп:
- Рақмет, Абай!
Абай:
- Сау бол, Зейнеп!
Зейнеп:
- Көріскенше күн жақсы!
Достарыңызбен бөлісу: |