1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет113/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
№12 Сабақ 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫП: 
Денсаулық.  Медициналық  қызмет. 
Халық медицинасы.  
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: 
Тыйым мәнді сөйлем. 
 
 
   
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.  
 
1. Денсаулық, жаны, тәні, дәрігер,  бала дәрігері, тіс дәрігері, дәрі, емхана, 
аурухана, дәріхана, сапа, ем, мекемелер, маман, құжат,  жүйе. 
 
2.  Медициналық  қызмет,  саламатты  өмір,  сау  адам,  ауру  адам,  білікті 
маман,  ауруды  қабылдау,  отбасылық  дәрігер,  жедел  жәрдем,  қоршаған 
орта, анықтама қағазы, халықтық ем. 
 
3. Емдеу, қызмет көрсету, қарау, тыңдау, шөппен емдеу. 
 
4. Тәжірибелі, ақысыз.
 
 
Мәтінді  оқыңыздар. 
                     
 
Денсаулық – адамның негізгі байлығы.  Сондықтан адамдар ауырған 
кезде  үйге  дәрігер  шақыртады.  Олар  ауырғандарға  алғашқы  көмек 
көрсетеді.  Елімізде  бұндай  медициналық  көмектің  түрі  «Жедел  жәрдем» 


76 
 
қызметі  деп  аталады.    Ол  тәулік  бойы  жұмыс  істейді.  Онда  тәжірибелі 
дәрігерлер  қызмет  етеді.  Адам  денсаулығының  нашарлауы  негізінен 
қоршаған  ортамен  байланысты.  Адамдардың  ішетін  суы,  тамағы  және 
демалатын  ауасы  таза  болуы  қажет.  Алайда  соңғы  уақыттарда  қоршаған 
ортамызда экологиялық өзгерістер болып жатыр.   
         Адамдар  да  өз  денсаулықтарын  қорғау  қажет.  Саламаттылық  – 
денсаулық  негізі,  ал  денсаулық  –  байлық  негізі.  Біздің  мемлекетімізде 
жаны сұлу, тәні сау ұрпақ тәрбиеленуде.    
Әр  мемлекет  өз  азаматтарының,  халқының  тұрмысын  жақсартып, 
әлеуметтік  мәселелерін  шешуге  үнемі  көңіл  бөледі.  Халықтың  басты 
мақсаты –саламатты өмір салтын ұстану. 
Денсаулық  дегеніміз  –  адам    жаны  мен  тәнінің  амандығы.    Біздің 
қоғамымызға  дені сау, мықты адамдар қажет.  Дені сау адамдар  – ұлттың 
болашағы.   
Медициналық  қызмет    қазақстандықтар  үшін  ақылы  және  ақысыз 
түрде көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедек балаларға 
мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді және ақысыз қызмет көрсетіледі. 
   
Адамдар  кейде  халық  емшілеріне  де  барады.  Олар  науқастарды 
табиғи  шөптермен  емдейді.
 
Халықтық  емдеу  жүйесінің  берері  мол. 
Өйткені халық емшісі дайындаған  дәрі-дәрмектерінің құрамында адамның 
ағзаларына  зиян  келтіретін  химиялық  қоспалар  болмайды.  Сондықтан  да 
оның пайдасын бағалай отырып пайдаланудың маңызы зор. 
 
Қазақстанда  адамдардың  өмір  сүру  ұзақтығы  –  67  жас.  Осындай 
деңгейге  жетуде  инновация  технология  көмекке  келеді.  Кез  келген  жеке 
тұлға 40 жастан асқан соң арнайы емханаларда скрининг өтуі қажет. Ол  – 
аурудың алдын алу деген сөз. Түрлі ауруларды ерте  анықтайды, халыққа 
медициналық  қызмет көрсетіледі. 
           Егер  адам  ауырса,  дәрігер  оған  ауырғандығын  дәлелдейтін  
анықтама қағазын  немесе  уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы қағаз 
береді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет