118
11-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі асты сызылған
сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен сөйлем құрып
жазыңыздар.
Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы. Мәдениет – адамдық өркениеттің белгілі
бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, кұқық
мәдениеті және т.б.). Адамсыз мәдениет жасалмайды. Адам дамуы
мәдениетке байланысты. Мәдениет материалдық және рухани байлық: бірі
–материалдық өндірістің, екіншісі – рухани өндірістің өнімі деп қаралады.
12-жаттығу.
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А) Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол
өнердің түрлері, тектері,
жанрлары
ретінде таратылады.
Ә) «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық даналығы өнерпаз қауымның
дәстүрлі қағидасына айналды.
13-жаттығу.
Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыздар.
Сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Өнер дегеніміз ең алдымен – әдемілік. Өнер әрдайым әсемдіктің,
адамдықтың, жақсылықтың жаршысы болуы тиіс.
Өнер – өмір шындығын
көркем бейнелер арқылы жеткізетін адам іс-әрекеттерінің түрлері. «Өнер
алды – қызыл тіл» деген халық даналығы өнерпаз қауымның дәстүрлі
қағидасына айналды. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған
ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
Достарыңызбен бөлісу: