19-жаттығу. Сөйлеу жағдаяты
Сенің топтағы досың Евгений қазақ тілін жетік біледі. Ол мақал-мәтелдер
мен нақыл сөздерді пайдаланып, қазақша еркін сөйлейді. Евгений аз
уақыттың ішінде тілді қалай үйренді? Сұрап, біл.
20-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін салған кім?
2. Қазақтың белгілі өнер адамдары кімдер?
3. Ә.Қастеев кім?
4. Ш.Айманов туралы не білесіздер?
5. Қазақстанда белгілі опера әншісі кім болған?
6. А.Жұбанов қандай өнердің негізін салды?
7. Роза Рымбаева халық әртісі ме? Ол қандай әндерді орындайды?