120
22-жаттығу.
Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар.
Театрда
Өмір: - Таня, сені театрға шақырғым келеді.
Таня: - Қашан?
Өмір:
-
Жексенбі күні М.Әуезов атындағы театрда «Еңлік-
Кебек» қойылымы болады. Спектакль кешкі сағат 17:00-де басталады. Сені
театр фойесінде күтемін.
Таня: - Біздің орындарымыз партерде ме?
Өмір: - Иә, бірінші қатардағы алтыншы және жетінші орындар.
Таня: - Жарайды, келемін.
****
Таня: - Қойылым 40 минуттан кейін басталады. Театрдың ішін аралап
көрейікші.
Өмір: - Жарайды, аралайық.
Таня: - Өмір, қабырғадағы суреттерді көрейікші.
Өмір: - Таня, қарашы, міне «Еңлік - Кебек» қойылымында ойнаған
әртістердің суреттері.
Таня: - О-о, мен мына әртісті танимын. Ол «Біздің сүйікті дәрігеріміз»
киносында ойнаған. Оның аты- жөні – Серке Қожамқұлов.
Өмір: - Спектакль басталатын уақыт болды, жүр, орнымызды тауып
алайық.
***
Өмір: - Саған қойылым ұнады ма?
Таня: - Әрине, ұнады. Керемет екен! Бұл шынайы махаббат жыры ғой!
Достарыңызбен бөлісу: