Мәтінді оқыңыздар. Сән – әлеуметтік құбылыс. Сән дегеніміз белгілі бір талғамның
уақытша үстем болуы. Киім – бірінші қажетті зат. Ол адамға эстетикалық
сән береді. Оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысады, ал
оны сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Бүгінгі күні дизайнның алатын орны ерекше. Дизайн заман
талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайн – кез
келген бұйымның жаңа үлгісін салыстырып, заман талабына сай жан-
жақты жасау деген сөз. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол
өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. Қазіргі уақытта
республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән берілуде. Өйткені ол
өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін
көтереді. Осы орайда ұлттық өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар
жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналып отыр.
Қазіргі таңда отандық сән әлеміндегі қазақстандық дизайнерлер
ұлттық үлгідегі киім үлгілерінің топтамасын шығарумен айналысып
жатыр. Талантты дизайнерлердің алға қойған мақсаты бар. Ол – қазақ
халқының бай мәдениеті мен ұлттық ою-өрнектерінің әлдеқайда
тартымды екенін дәлелдеу.
Елімізде және шетелдерде танымалдыққа ие болған отандық
дизайнерлер баршылық. Олар: Аида Кауменова, Құралай Нұрқаділова
және т.б.
Бүгінде қазақ халқының ұлттық киімдері де өз ерекшелігін жойған
емес. Ұлттық киімдер үлгілері бүгінге дейін сақталған. Олардың түрлері
көп және тігілу әдістері да айрықша.
Ұлттық киімдердің жасалуында
этникалық дәстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамның белгілері бар.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап,
156
дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге
тырысады.
Әр елдің тарихы мен мәдениеті, он саусақтан өрнектелген киімдер
туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Киім