157
9-жаттығу.
Оқулықтың соңында берілген Оқу сөздіктерінен басым сөздер
мен сөз тіркестерінің аудармасын және мәтінде кездесетін жаңа сөздердің
түсіндірмесін қарап, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
10-жаттығу.
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Сән
Сәнді киім
Озық үлгі
Өрнек
Нақыш
Ою салу
Бұйым
11-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі асты сызылған
сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен
сөйлем құрып жазыңыздар.
Бүгінгі күні дизайнның алатын орны ерекше. Дизайн заман
талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайн – кез
келген бұйымның жаңа үлгісін салыстырып, заман талабына сай жан-
жақты жасау деген сөз. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол
өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. Қазіргі уақытта
республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән берілуде. Өйткені ол
өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін
көтереді. Осы орайда ұлттық өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар
жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: