12-жаттығу. Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А)
Сән дегеніміз белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы.
Ә)
Ұлттық киімдердің жасалуында этникалық дәстүрдің, тұрмыс-
тіршіліктің, қоғамның белгілері бар.
13-жаттығу. Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыздар.
Сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Қазақ халқының ұлттық киімдері де өз ерекшелігін жойған емес.
Ұлттық киімдер үлгілері әлі күнге дейін сақталған. Олардың түрлері көп
және тігілу әдістері да айрықша.
Ұлттық киімдердің жасалуында
этникалық дәстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамның белгілері бар.
158
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап,
дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге
тырысады.