Аңсар:
-Саған қонақ күту ұнай ма?
Сәуле:
-Әрине, ұнайды. Қонақ келсе, төбем
көкке жетіп қуанамын.
Аңсар:
-Оларға асты кім дайындайды?
Сәуле:
-Анам дастарқанға қазақтың ең таңдаулы асын, қазы мен
қартасын қояды. Қонақтың «сыбағасын» асады.
Аңсар:
-Қонаққа кімдер келеді?
Сәуле:
- Оюлы қамзол киген әжелер, жібек орамал тартқан
келіншектер келеді.
Аңсар:
-Олар жаңа үлгідегі сәнді киімдерді қайдан алады екен?
Сәуле:
-Меніңше, интернет –дүкендерге тапсырыс беріп алады.
Аңсар:
-Мүмкін олар киімдерді тіктіретін шығар?
Сәуле:
-Әрине, олай да болуы мүмкін. Қазір «Сымбат» және
«Ерке-нұр» шеберханалары бар ғой!
Аңсар:
-Бұл шеберхана қандай киім тігеді екен?
Сәуле:
-Ұлттық нақыштары бар киім үлгілерін тігеді.
Аңсар:
-Қандай керемет! Сонда заман талғамына сай халықтың
киімі де, тұрмысы да өзгереді ғой.
Сәуле:
-Иә, солай болады.