163
келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына
жатады.
Қазіргі таңда Қазақстанның сәулет құрылысы үлкен өзгерістерге
ұшырады. Тек Астана қаласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның
басқа қалаларында да көз тартар тұрғын үйлер, офистер, банктер, мәдени
ескерткіштер, спорт кешендері мен басқа да ерекше сәулетпен ғимараттар
салынды.
Қазақстан жерінде көне және заманауи ескерткіштер өте көп
кездеседі. Солардың бірі – Орта Азия мен Қазақстандағы көне қала
Түркістан. Ахмет Йасауи кесенесі – Түркістан қаласында XIV ғасырдың
соңында салынған архитектуралық ғимарат. Оны бүкіл қазақ халқы, түркі
әлемі ерекше қасиет тұтады. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа
аты әйгілі, көне түркі ақыны Ахмет Йасауидің құрметіне орнатылған.
Қазақстанның көне қалаларының бірі – Тараз. Тараз жерінде атақты
Айша бибі кесенесі орналасқан. Ол XII ғасырдағы сәулет өнерінің
көрнекті ескерткіші болып саналады. Айша бибі – тарихтан белгілі
Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған.
Алаша хан кесенесі – сәулет өнерінің басты бір ескерткіші.
Мазар
халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне
салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей
байланысты.
Бүгінгі күні Астана – еліміздің ең ірі құрылыс алаңдарының бірі.
Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген көрікті жерлер туристерді
өзінің сәулетімен таңғалдырады. Астанадағы көрікті ғимараттардың бірі
– Тәуелсіздік сарайы. Оны әлемнің сегізінші кереметі деп атайды.
Астана-Бәйтерек монументі – тәуелсіз Қазақстанның символы.
Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ
гүлденуге талпынған мемлекетті бейнелейді.
Астана символының бірі – «Хан шатыры». Бұл Орталық Азиядағы ең
үлкен сауда және ойын-сауық орталығы. Ол – шатыр пішінінде салынған
әлемдегі ең биік ғимарат.
Достарыңызбен бөлісу: