165
14-жаттығу.
Мәтін абзацтарына тақырып беріңіздер.
15-жаттығу.
Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.
Сәулет өнері деген не? Оған не жатады?
2.
Үйді қандай материалдардан салады?
3.
Қандай көне ескерткіштерді білесіздер?
4.
Астанадағы көрнекті орындарды атай аласыздар ма?
16-жаттығу.
Мәтіндегі өздеріңізге ұнаған абзацты анықтаңыздар. Өз
таңдауларыңызды түсіндіріңіздер.
17-жаттығу.
Мәтіндегі жаңа ақпаратты қалай пайдаланар едіңіздер?
18-жаттығу.
Диалогті оқыңыздар. Осы үлгі бойынша сұхбат құрыңыздар.
Салтанат: – Бүркіт, Қазақ елінің алғашқы астанасы қай қала болды?
Бүркіт: - Қазақ елінің алғашқы астанасы Орынбор қаласы болған.
Салтанат: - Кейіннен астана Қызылорда қаласына көшірілді ғой.
Бүркіт: - Иә, астана Қызылорда қаласына көшірілді. Ал 1929 жылы
Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді.
Салтанат: - Алматы - әдемі қала. Маған Алматы
қаласы өте ұнайды.
Бүркіт: - Бұл қала маған да ұнайды. «Қазақстан» қонақ үйі, Республика
сарайы сәулет өнерінің әсем үлгісімен салынған.
Салтанат: - Тағы қандай әдемі ғимараттар бар?
Бүркіт: - М.Әуезов атындағы драма театры, Орталық мұражай, Ғылым
академиясының бас ғимараты қаланың көркін аша түседі.
Салтанат: - Ал қазіргі Астанамыз бақытты болашақтың символы сияқты.
Бүркіт: - Астана Еуразия құрылығындағы әйгілі қала болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: