1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет295/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
1-жаттығу.
 Басым  сөздер мен сөз тіркестерін оқып және оның тақырыбын 
айтыңыздар (сөздерді бірнеше рет қайталап оқыңыздар). 
 
2-жаттығу.
  Басым  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  баяу  (жартылай  дауысты) 
оқып шығып, мәтінге қарамай, оларды дыбыстаңыздар. 
 
3-жаттығу. 
Мәтін  тақырыбын  оқып,  ондағы  мәселені  талқылау  үшін 
қажетті сөздерді теріп жазыңыздар. 
 
Өрнек: 
шәкіртақы
 
 
4-жаттығу. 
Сөздер құрамынан түсіп қалған әріптер мен дыбыстарды тиісті 
орнына қойып, дауыстап оқыңыздар. 
 
б...лім, ш...кірта...ы, сы...лық, ал...а, к...міс, қайрат...ер,  ...аулы, 
ж...рдемақы, жет...стік, жа...алық 
 
5-жаттығу. 
Мәтін  ішіндегі  сөйлемдерді  оқып,  ондағы  кірме  сөздерді 
тауып  және  оны  ана  тіліңіздегі  қолдану  аясымен  сәйкес  келе  ме,  
анықтаңыздар. 
 
6-жаттығу. 
Лексикалық  бірліктерді  мәтін  ішінен  тауып  және  мәтінде  не  
жөнінде  әңгіме  болатыны  туралы  жорамал  сұрақтар  (2-3)  жазыңыздар 
(мәтінді оқымай тұрып). 
 
7-жаттығу. 
Мәтіннен  өздеріңізге  таныс  сөздерді  теріп  жазып,  олардың 
мағынасын түсіндіріңіздер. 


197 
 
 
8-жаттығу. 
Абзацтардағы  басым  сөздер  және  сөз  тіркестерімен  берілген 
сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар және оларды қайталап оқыңыздар. 
 
9-жаттығу. 
Оқулықтың соңында берілген Оқу сөздіктерінен басым сөздер 
мен сөз тіркестерінің аудармасын және  мәтінде кездесетін жаңа сөздердің  
түсіндірмесін қарап, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар. 
 
10-жаттығу.
 Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
Халықаралық сыйлық 
Өнертапқыш 
Шығармашылық жетістік 
Жаңалық 
Жәрдемақы 
Тағайындау 
 
11-жаттығу.
  Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  
сөйлем құрып жазыңыздар. 
 
    Қазіргі  кезде  1995  жылдың  12  желтоқсанында  Мемлекет  басшысы 
қол  қойған  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  наградалары 
туралы»  Заң  жұмыс  істейді.  Жаңа  Заңға  сәйкес  жоғары  дәрежелі  ерекше 
белгі  –  «Алтын  Қыран»    ордені  белгіленді.  Сонымен  қатар  әскери 
қызметкерлерді,  ішкі  істер    және  ұлттық  қауіпсіздік  органдары 
қызметкерлерін  марапаттау  үшін  «Айбын»    ордені  мен  «Жауынгерлік 
ерлігі үшін»  медалі пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет