1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар



Pdf көрінісі
бет294/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар. 
 
1.
 
Білім,  шәкіртақы,  грант,  сыйлық,  алқа,      алтын,  күміс,  өнертапқыш,  
қайраткер, жастар, қаулы,  жәрдемақы, жетістік, жаңалық. 
2.
 
Жоғары дәрежелі, құрметті белгі. 
3.
 
Дарынды, көрнекті,  жоғарғы, ерекше. 
4.
 
Тағу, тағайындау, марапаттау. 
 
Мәтінді оқыңыздар 
    Елімізде  1995  жылдың  12  желтоқсанында  Мемлекет  басшысы  қол 
қойған  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  наградалары  туралы» 
Заң  жұмыс  істейді.  Жаңа  Заңға  сәйкес  жоғары  дәрежелі  ерекше  белгі  – 
«Алтын Қыран»  ордені белгіленді. Сонымен қатар әскери қызметкерлерді, 
ішкі  істер  және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін марапаттау 
үшін  «Айбын»    ордені  мен  «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»    медалі  пайда 
болды. 
   Еліміздің  тарихында  тұңғыш  рет  жоғары  дәрежелі  ерекше  белгі  – 
«Халық  Қаһарманы»    атағы,  «Отан»,  «Даңқ»,  «Парасат»,  «Құрмет»  
ордендері,  «Ерлігі  үшін»,  «Ерен  еңбегі  үшін»,  «Шапағат»  медальдары, 
«Алтын алқа», «Күміс алқа»  алқалары тапсырыла бастады. 
           Мемлекеттік  және  халықаралық  сыйлықтар  жалпы  жұртшылық 
таныған,  халыққа  саналы  тәрбие  беруге  жәрдемдесетін,  неғұрлым 
талантты,  жоғары  идеялы,  аса  көрнекті  әдеби  туындыларға  беріледі. 
Мемлекеттік  сыйлық  әдебиетті  одан  әрі  дамыту,  көрнекті  шығармаларды 
көтермелеп  отыру  мақсатымен     жыл  сайын  беріліп  келеді.  Кейін  ХХ 
ғасырдың ортасынан бастап бұл қаулыға  кейбір өзгерістер енгізілді. Атап 
айтқанда, әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша мемлекеттік 
сыйлық  екі  жылда  бір  рет  берілетін  болды.  Мемлекеттік  сыйлық  алған 
адамдарға   «Қазақстан  мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты» деген  атақ 
беріліп, диплом және омырауға тағатын құрметті белгі қоса тапсырылады. 
Соның  ішінде  Әл-Фараби  атындағы  ғылым  мен  техника  саласындағы 
мемлекеттік  сыйлық  марапаттардың  ішіндегі  ең  жоғарғысы  болып 
саналады.  
           Халықаралық  сыйлықтар  ішіндегі  ең  беделдісі  –  Нобель  сыйлығы. 
Бұл сыйлық 1895 жылы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред 
Нобельдің  өсиеті  бойынша  тағайындалған.  Сыйлық  көлемі  –  1  млн.  100 
мың  АҚШ  доллары.  Нобель  сыйлығы  1901  жылдан  бастап  әдебиет, 


196 
 
физика, химия, физиология және медицина саласындағы жаңалықтар үшін 
беріледі.    Бұл  сыйлыққа  ғылыми  зерттеулер  арқылы  белгілі  бір  нәтижеге 
жеткен    ерекше  жаңалықтар,  мәдениет  немесе  қоғам  дамуына  зор  үлес 
қосатын  жұмыстар  дайындаған  азаматтар  ие  болады.  Нобель  сыйлығына 
ие болған тұңғыш  жерлесіміз, қазақстандық – Достай Раманқұлов.    
          Жыл  сайын  Қазақстанда  жас  білім  алушыларға  мыңдаған  білім 
гранттары бөлінеді. Білім гранты жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігін 
ғана  емес,  сондай-ақ  білім  алушыға  ай  сайынғы  ақшалай  жәрдемақыны, 
яғни 
стипендияны 
төлеуді 
көздейді. 
Стипендия жоғары 
білім 
беру мекемелері  мен  кәсіби  техникалық  мекемелердің    студенттеріне  
төленеді.      Стипендиялар  мемлекеттік  қолдау  көрсету  мақсатында 
мәдениет  және  өнер  қайраткерлеріне,  сондай-ақ  айтулы  шығармашылық 
жетістігі  үшін  дарынды  жастарға  да  беріледі.      Сондай-ақ  еліміз  өз 
тәуелсіздігін  алғаннан  бері  жастарға  шетелдің  үздік  оқу  орындарында 
білім алуларына зор мүмкіндік беріп отырған "Болашақ" бағдарламасы да 
өз жемісін беруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет