№3
Тақырып: Экономика. Ішкі және сыртқы сауда.
–
Мақала тақырыбын оқыған кезде оның мазмұнына сай есіңізге қанша сөз
түседі. Сөздер тізімдерін жасаңыздар.
–
Өзіңіз тізімін жасаған сөздердің синонимдік қатарларын беріңіздер.
–
Мақала тақырыбын аударыңыздар.
–
Сіздер оқитын тақырыптар.
Басты мақсат – тұрақтылықты сақтау
224
Қазіргі таңда әлем экономикасында бірнеше өзгерістер болып жатыр.
Бұл үдерістер біздің елімізге де өз әсерін тигізбей қойматыны анық.
Себебі, Қазақстан әлем саясатындағы, әсіресе, экономикасындағы өзіндік
орны бар мемлекет. Осындай жағдайдың бірі доллар бағасынын өсуі
арқылы теңгенің еркін реттелу тәртібіне көшуінде. Шұғыл түрдегі шешімді
қажет ететін бұл мәселе үш мүмкіндікті көздеді. Соның бірі теңгенің
нарықта еркін реттелу тәртібіне көшіру мүмкіндігі. Бұл мүмкіндігі Елбасы
жан-жақты пайымдап, қолдады. Мүлде ешқандай іс-әрекет жасамай, құр
отырып, жағдайдың жақсаруын күту, ел экономикасына қауіп төндіретіні
белгілі. Әсіресе, ішкі өндірістің қысқыруына және жұмыс орындарының
азаюына әкеліп соғытыны анық.
Осығын орай, Қазақстан Үкіметі ел экономикасының одын арғы
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамын еркін айналымға
жіберіп, нақты қадамдар жасады. Осыған байланысыты Үкімет пен Ұлттық
банк
бірлесе
отырып,
нарықтағы
төл
теңгені
мемлекеттік
реттеуденбосатты. Демек, бұдан былай теңгенің долларға шаққандағы
құны арнайы қаржы орталағының бақылауында болмай,әлемдік нарықта
өзіндік орнын табады.
Нақтырақ айтқанда, теңгенің айырбас бағамы нарықтағы сұранысты
негізге ала отырып, ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды
ескере келе қалыптасады.
Ендігі жағдайда әрбір азамат қор биржасының қозғалысын
күнделікті бақылап отыру арқылы теңгенің шетелдік валюталарға
шаққандағы айырбас құнын біліп отырады.
Мамандардың сараптауынша, Қазақстан жаңа ақш-несие саясатына
көшіп, инфляциялық таргеттеу режімін орнатқан соң, экономика біртіндеп
долларсыздандырыла бастайды. Бұл тәжірібе Австралия, Жаңа Зеландия,
Польша және Ресей елдерінде жасалған екен.
–
Сіздер қандай сұрауларға жауап бергілеріңіз келеді. Тізімін жасаңыздар.
–
Мақала тақырыбын тағы да қайталап оқып, оның мағынасына жақын
келетін сөздермен тақырыпты ауыстырыңыздар.
–
Сіздер оқитын мақаланың тақырыбы, айдары:
Ақпараттар ағыны
Бизнес әлеміне саяхат
Астана: оқиға, жаңалық
Дабыл!
Үнемдеу. Сауда.
–
Мақала тақырыбын қайталап оқыңыздар, мына сөздер мен сөз тіркестеріне
көңіл аударыңыздар:
225
басты мақсат - басты міндет - басты тақырып
–
Бірінші мәтінді оқыңыздар. Мәтін ішіндегі асты сызылған сөздерді көшіріп
жазыңыздар. Аудармасын кітаптың соңында берілген Оқу сөздігінен
қараңыздар.
–
Берілген сұраққа жауап беріңіздер.
Доллар бағасы қандай жағдайда өседі?
Ұлттық валюта қандай жағдайға байланысты құнсызданады?
Ішкі өндірістің қысқаруына және жұмыс орындарының азаюы неге
байланысты?
–
Сіздер мәтіннің бірінші сөйлемін қайталап оқыңыздар.
Сөйлем:
«Қазіргі таңда әлем экономикасында бірнеше өзгерістер болып
жатыр». Қалай ойлайсыздар, ол қандай өзгерістер? Мүмкін бұл сұраудың
жауабы былайша айтуға болатын шығар.
1. Мұнай бағасының құлдырауына (нашарлау, төмендеу) байланысты
болуы мүмкін.
2. Инвестицияның және несиенің азаюына болуы мүмкін.
–
Елімізде доллардың бағасының өсуіне байланысты теңге бағасы
төмендеді.
Сіздер бұл мәселені қалай түсіндіре алар едіңіздер?
–
Экономикаға қатысты мынадай терминдер қалыптасқан:
құнсыздану – инфляция
–
Олай болса, елімізде теңге құнсызданды ма? Сіздердің жауаптарыңыз.
Бір теңге қанша доллар тұрады?
–
Осы мәтіндегі мына сөйлемді оқиық: « . . . ел экономикасына қауіп
төндіретіні белгілі»
–
Сұрақ: Ел экономикасына доллардың бағасы өсуіне байланысты қауіп
төне ме? Неге? Ол қандай қауіпті іс?
Менің ойымша, _____________________________________________
Менің пікірім, ______________________________________________
Себебі ____________________________________________________
–
Мына фразаны өзара талқылайық.
226
Қазақстан әлем саясатында, әсіресе, экономикада өзіндік орны бар.
–
Ол үшін мына сөз тіркестері мен сөйлемдерді пайдаланыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |