229
Тақырып пен
тақырыпшаны
қайталап оқыңыздар.
Мақаланың тақырыбы мен тақырыпшасын оқи
отырып, мақала мәтінін оқығанға дейінгі сөздер,
сөз тіркестері тізімін жасаңыздар.
–
Сіздер қалай ойлайсыздар, осы Ата Заң аясында адам құқығы қорғалуына
қатысты негіздемелер айтылуы мүмкін бе? Онда бірнеше сөздер мен
сөйлемдер тізбесін жасаңыздар.
–
Сіздер Қазақстан Республикасының Конситуциясындағы 1-баппен
таныссыздар ма?Айтып беріңіздер. Мүмкін тақырыпша мазмұны осы
баппен сәйкес келетін шығар.
–
Тақырыпшаны оқыңыздар. Осындағы негізгі ойды беретін сөйлемді оқып,
өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.
–
Мақаланың төменгі жағында автордың аты-жөні, фамилиясы және атқарып
жүрген ісі туралы ақпарат берілген. Оқыңыздар. Сұрауларға жауап
беріңіздер: Ол жұмысшы ма, әлде қызметші ме?
–
Тақырыптың бірінші мәтінін оқыңыздар.
Мақала авторы: «Мен жоғарыда атап өткен құқымның мемлекеттік
тұрғыдан қорғалуымның бірден-бір көрінісі сол болуы керек ...» - дейді.
–
Оның мемлекеттік тұрғыдан қорғалуы керек құқықтары қандай екен?
Мәтін ішінен тауып, көрсетіп жазыңыздар.
–
Тіліміздегі «
абаттандыру
» сөзі жиі қолданылады. Сіздер бұл сөздің
мағынасын білесіздер ме?
–
Автор: «бейнетіміздің зейнетін» көреміз деп жазған.
Бейнет деген не?
Зейнет деген не?
–
Ойланыңыздар. Сіздерге көмекке келетін Оқу сөздігі болар.
бейнет көру - қиналу, азап шегу
зейнет көру -
рахатын көру
–
Мына сұрау төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: