1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет338/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

№5 Тақырып:
 
Отбасы 
 
«Біз  -  Қазақстандық отбасымыз!» - дейді «Мерейлі отбасы» ұлттық 
байқауының  жеңімпаздары.  Осыған  орай  біз  жеңімпаздардың  анасы 
Күнсұлу Қадырованы әңгімеге тартқан едік.  
            Күнсұлу,  шыныңызды  айтыңызшы,  байқауға  қатысушылардың 
саны –80. Соның ішінде өреге шыққаны – 16. Сіздердің Астанаға берілетін 
жолдамадан үміттеріңіз болды ма? 
          Байқауға  қатысуын  қатысып  алып,  қобалжығанымыз  да  рас.  Сынға 
небір тамаша,  танымал, өнерлі,  ақжарқын отбасыларға қатысты ... . Менің 
мамандығым  сауда  қызметкері,  бірақ  көптен  бері  бала  бағып  үйде 
отырмын.  Жолдасым  қарапайым  сантехник.  Жеңімпаз  болғанымыз 
балалардың  арқасы    деп  ойлаймын,  шетінен  өнерпаз.  Сабақты  да  жақсы 
оқиды. 
Бұрын-соңды мұндай байқауларға қатысып көріп пе едіңіздер? 
      Балалар  концерттік-спорттық  бағдарламаларға  қатысып,  жүлде  алып 
жүр.  Тегінде  біздің  балаларымыз,  тіл-көзден  сақтасын,  өте  дарынды. 
Иманғали,  Мұқағали,  Сара  есімді  үшем  баламыз  2010  жылы  балалардың 
«Мөлдір  бұлақ»  деп  аталатын  республикалық  байқауына  қатысып, 
жеңімпаз  атанды.  «Дария-жыр»  атты  халықаралық  байқаудан  жеңімпаз 
болып оралды. 
Үшем  дейсіз  бе,    аттары  да  құлаққа  таныс  ...  .  Орайы  келіп  қалды, 
кешіріңіз,  бұл  есімді  қойған  кезде  әлдеқандай  бір  үмітпен  қойған 
шығарсыздар,  мәселен,  пәтерден  таршылық  көріп  жүрдіңіздер  ...  .  Сол 
тұста Иманғали Тасмағамбетов Алматының әкімі еді. Шындығы солай ма? 
Ол  рас.  Балалардың  дүниеге  келгеніне  бір  ай  толар-толмаста  сол  кездегі 
қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов  арнайы «бауы берік болсын!» айтып, 
қолымызға «Құлагер» шағын ауданынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін ұстатты. 
Арада көп уақыт өтпей, «осыншама балаға үш бөлме аздық етеді» деп сол 
бірінші қабаттан тағы да бір бөлмелі жайлы пәтерді қосып берді.  
- Әкімнің атын сәбиге дәлдеп қойған екеніздер ғой? 
-  Жо-оқ  ...  Мүлдем  олай  емес,  алғашқы  медициналық  тексеруде, 
«егіз»  дегенде  қуанып  жүрдік.  Алты  ай  өткенде  қайта  тексеруге  барғанда 
дәрігерлер  «үшем»  деді.  Күйеуімнің  Шүкір  деген  жан  жолдасы  бар  еді, 


232 
 
әзілдеп:  «Бір  баланың  атын  мен  қояйыншы,  қазақтың  Иманғалиындай 
азамат  болсын  ...  »  деп  қоймады.  «Егіз  туасың»  дегенде,  біреуі  ұл  болса 
өзіміз  Мұқағали    қоямыз  деп  жүргенбіз.  Күйеуім  досының  көңілін 
жықпады. Мұқағали мен Иманғали солай дүниеге келді. 
 - Сара деген есім де аса танымал, ол есімді қоюға не себеп болды? 
- ... Өйткені, ол кезде мен Сара апамыз басқаратын «Бөбек» қорында 
қарапайым техникалық қызметкер едім. Ырымдап қойдым. 
- Үшем туғанға дейін сіздер пәтерде тұрдыңыздар ма сонда? 
-  Алатау  ауданында  өз  үйіміз  болды,  бірақ  жаңа  туған  үш  бірдей 
сәбиге  жағдай  керек  екені  анық  жайт  қой.  Шынын  айтсақ,  біз  пәтер 
сұраған  жоқпыз.  Бәрі  де  балалардың  несібесі,  елді  ойлаған  азаматтардың 
пейілі деп ойлаймын.  
- «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қалай келіп қалдыңыздар? 
-  Отбасы  Мұратбай  Қадыров  қаладағы  №148  мектепте  сантехник 
олып жұмыс істейді. Байқауға қатысуға қолқалаған сол мектептің ұжымы. 
Балалардың өнерін байқап, көріп жүргені шығар, білмеймін?... 
Жеңімпаз отбасының балалары ... балаларыңыз туралы айтыңызшы? 
Тұңғышымыз  Индира  әл-Фараби  атындағы  Қаз-ҰУ-дің  журналистика 
факультетін  бітірген,  «Алматы»  телеарнасында  қызмет  етеді.  Айтолқын  – 
экономист  мамандығына  оқып  жатыр.  Бағдат  биыл  мектеп  бітірген, 
политехникалық  университетке  түсейін  деп,  қорытынды  сынақты  күтіп 
отыр. Түсе алмай қалса, ақылы бөлімде оқытамыз. 
Алматыдағы  жеңіс  марапаты  туралы  не  айтасыз?  Әкім  өз  қолымен 
бір тоңазытқыш, бір жапондық теледидар сыйлады.  
 – Астанаға қашан аттанасыздар? 
Күзге  салым  ...  әкімдіктен  шақыру  береміз  деді.  Жеңіспен 
оралуларыңызға тілектеспіз ... 

Рахмет.  Елбасының  өзі  бағалап,  қамқорлық  жасап  отырғанда 
байқауда  біз  жеңімпазатанамыз  деп  сенемін.  Өйткені,  біз  де  барлық 
қазақстандықтар  секілді  Отанымызды,  елімізді,  Елбасымызды  сүйеміз. 
Еліміздің  ертеңі  үшін  қандай  сайысқа  да  қатысуға  әзірміз  ...    Өйткені  – 
күллі  мемлекет  назарына    ілініп  отырған  қарапайым  ғана  қазақстандық 
отбасымыз. 
  

 
Мақала тақырбын оқыңыздар. Бұл мақаланың авторы кім? Ол кімнен 
сұхбат алды. 

 
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қандай мақсатпен ұйымдастырылған 
деп ойлайсыз? «Мерейлі» сөзінің синонимдік қатарларын және 
түсіндірмесін есіңізде сақтаңыздар. 
Мерейлі  -  мәртебелі  (синонимдер); 
Мерейлі  -  көңілі көтерілу, абыройы арту  
 

 
-лы,      -лі  жұрнағы  жалғанған   
мерей  +  лі
  сөзінің  жасалу  ерекшелігін 
түсіндіріңіздер. 


233 
 
 

 
Келесі сөздердің дұрыс айтылуы нормасына көңіл бөліңіздер. 
 
мерей тұту  -  мерейін көтеру  -  мерейі арту  -  мерейі үстем болу 
 

 
«Отбасы»  сөзінің  синонимдік  қатарларын  сіздер  білесіздер, 
онда дәптерлеріңізге жазыңыздар. 
 

 
Қазақ тілінде жиі қолданылатын өрнек : «Ілік септік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет