227
Бұл ретте Үкімет мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай көлемде
төмендеуіне жол бермейтінін мәлімдеді.
–
Осы сөйлемдегі асты сызылған сөз тіркестерінің орнына
мақтаны өсіру,
астық сату
деген сөз тіркесін қойып, сөйлемді оқыса, оның мазмұны
өзгере ме? Грамматикалық білімдеріңізді көрсетіңіздер.
–
Соңғы мәтінді оқыңыздар. Оның мазмұнында алдыңғы бірінші, екінші
жәнет үшінші мәтіндегі берілген ақпарат түйінделген. Осы мәтіндегі түйін
сөзбен келісесіздер ме? Дәлелдеңіздер.
–
Сіздер оқып отырған мақаланың тақырыбы мен рубрикасы қалай
аталады?
1.
Мақала газет жанрының қай түріне жатады:
Хат, қарасөз,очерк, фельетон, интервью, репортаж, әңгіме
2. Басылымның авторы және оның аты-жөні, қызметі жайында не
білесіздер?
Автор:
«Басты мақсат – тұрақтылықты сақтау», - деп, мақалаға тақырып
берген. Ел экономикасының тұрақтылығын сақтау үшін автор қандай
келесі пікірлерді жазған. Ойланыңыздар.
–
Сіздер өздеріңіз оқып отырған мақаланың тақырыбын мағынасына сәйкес
өздеріңіз білетін мақал-мәтел және қанатты сөздермен ауыстырып, оқып
көріңіздер.
–
Мақала мәтінінде кездесетін қызмет, лауазым және географиялық
атаулардың жазылу ерекшелігіне көңіл аударыңыздар. Дәптерлеріңізге
жазып алыңыздар.
–
Мақаланы басынан аяғына дейін шолып шығып, негізгі ойды беретін
сөйлемдерді табыңыздар. Астын сызыңыздар.
–
Сіздер ұсынылып отырған «Халықаралық сауда-саттық жасалу
мүмкіндігі» атты мақаланы жоғарыдағы үлгілер бойынша өз беттеріңізше
талдап, тапсырмалар жазып келіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: