1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет76/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

   
Мәтінді оқыңыздар
 
 Екі  жас  заңды  некеге  тұрып,  отбасын  құрады.  Жас  отбасы  –  
мемлекет  негізі.  Біздің  мемлекетімізде  әрбір  жас  отбасы  баспанамен 
қатамасыз етіледі.  
 Отбасындағы  балалардың  бірлікте  және  татулықта  өмір  сүруі    әке 
мен шешенің тәрбиесіне байланысты. Отбасында ата-ана   балаларына сәби 
кездерінен  бастап  тәлім-тәрбие  береді.  Олардың  тәртіптерін  қадағалап, 
ақылды  және  сабырлы  болуға  тәрбиелейді.    Балаларға  қамқорлық, 
жауапкершілік  пен    сыйластық    туралы  үнемі  айтып  отырады.  Егер 
отбасында  ынтымақ  пен  бірлік  болмаса,  онда  отбасы  мүшелерінің 
арасында келіспеушіліктер басталады. Алайда отбасының әр мүшесі «мен» 
деп емес, «біз» деп өмір сүрмейінше, ортақ бірлік  болмайды.   
Отбасында  татулықты  сақтаудың  бірнеше  жолдары  бар.  Біріншіден, 
отбасындағы балалар арасындағы  мәселелерді   сабырлықпен шешу керек.   
Екіншіден, кешірімді болу керек. 
Кешірімді  болу,  өзін  қоршаған  адамдарға  мейірімділік  таныта  білу, 
біреудің  қуанышы  мен  ренішіне,  қайғысына  ортақтасу  –    адамгершіліктің 
белгісі.  Үшіншіден,  ұстамды  болып,  өз    қателігін  түсіне  білу  де 
ақылдылыққа  жатады.  Отбасы  мүшелерінің  бір-біріне  деген  қамқорлығы 
мен  мейірімділігі,  отбасының  берекесі  мен  бірлігіне    әкеледі.  Отбасында 


50 
 
өнегелі  тәрбие  беру,  әдеп  сақтауға  үйрету    –  бұл  ата-бабаларымыздан  
қалған дәстүр.   
   Адам  бойындағы  жаман  мінездер:    дауыс  көтеру,  артық  сөз  айту, 
басқаларды  түсінбеу.  Егер  бір-бірін      жақсы  қасиеттерін  көре  біліп, 
қуаныштарымен бөлісе алса,   онда отбасы мүшелері бақытқа бөленеді.  
 Сонымен  бірге  олар  бір-біріне  қамқор  болуы  керек.  Ең  бастысы, 
отбасы мүшелерінің бір-бірімен  сыпайы қарым-қатынаста болғаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет