51
Кешірімді болу, өзін қоршаған адамдарға мейірімділік таныта білу,
біреудің қуанышы мен ренішіне, қайғысына ортақтасу – адамгершіліктің
белгісі. Үшіншіден, ұстамды болып, өз қателігін түсіне білу де
ақылдылыққа жатады. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы
мен мейірімділігі, отбасының берекесі мен бірлігіне әкеледі. Отбасында
өнегелі тәрбие беру, әдеп сақтауға үйрету – бұл ата-бабаларымыздан
қалған дәстүр.
5-жаттығу.
Сөйлемді толықтырыңыздар.
Адам бойындағы ....... мінездер: дауыс көтеру, артық сөз айту,
басқаларды түсінбеу. Егер бір-бірін ...... қасиеттерін көре біліп,
қуаныштарымен бөлісе алса, онда ....... мүшелері бақытқа бөленеді.
Сонымен бірге ...... бір-біріне қамқор болуы керек. Ең бастысы,
отбасы мүшелерінің бір-бірімен сыпайы .....-..... болғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: