53
3. Ұлттық дәстүрімізде дастарқанға алдымен не қойылады?
4. «Ас дәмді болсын!» фразасы қай кезде айтылады?
14-жаттығу.
Диалогті рөлге бөліп оқыңыздар, мазмұнын өзгертіп
сұхбат құрыңыздар.
Сіңлісі:
-Надин, қонақтар бір сағаттан кейін келеді. Дастарқан
жасайын ба?
Әпкесі:
-Иә, Самал дастарқан жасай бер.
Сіңлісі:
-Дастарқанға алдымен не қояйын?
Әпкесі:
-Ұлттық дәстүріміз бойынша, алдымен, нан қой. Сосын
басқа тағамдарды апарып қой.
Сіңлісі:
-Қандай ыдыстарды апарайын?
Әпкесі:
-Фарфордан жасалған кеселерді, шайға арналған және
десерттік ыдыстарды апарып қой!
Сіңлісі:
-Шаңышқыларды қалай қояйын?
Әпкесі:
-Шанышқыны тарелканың сол жағына, ал тарелканың оң
жағына пышақ және ас қасықтарды қой.
Сіңлісі:
-Надин, қонаққа кімдер келеді?
Әпкесі:
-Зиялы, қадірлі адамдар келеді.
Сіңлісі:
-Мен сізге көмектесіп, қонақтарға құрмет көрсеткім келеді.
Әпкесі:
- Әрине, Самал, құрмет көрсету – үлкен өнер емес пе?
Өнеріңді көрсет!
Достарыңызбен бөлісу: