15-жаттығу. Мәтінді оқыңыздар. Қазақтың дастарқан мәзіріне
назар аударыңыздар, тағам атауларын есте сақтаңыздар.
Қазақ тағамдары, дастарқан мәзірі
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, астан үлкен нәрсе жоқ. «Ас -
адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас» деп халық бекерге айтпаған.
Қазақ халқының ерте кезде пайдаланған тамақ түрлері: ет, сүт, қымыз,
сары май, құрт, ірімшік. Қазақ жерінде өсетін жеміс түрлері: қарақат,
бүлдірген, алма, алмұрт, жүзім, анар. Еліміздің оңтүстігінде қауын, қарбыз,
сәбіз, қызылша мен өсімдік майлары көп пайдаланылады. Қазақ халқының
негізгі асы - сүт пен ет. Әсіресе сүттен көп тағамдар дайындалған.
Сондықтан қазақ халқы сүт тағамын «Ағы бардың – бағы бар» деп жоғары
бағалаған.
(С.Қалиев)