56
қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой
сияқты толық
лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады.
Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-алыстығы (ауылдың шеті,
жаны, төңірегі, маңы), қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі
үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір
көмекші есімдер
қыс, жаз, түн
тәрізді сөздермен тіркесіп келіп, оларды
мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы).
Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік (Ілік
септік пен тәуелдік жалғаудың байланысы) байланыста қолданылады.
Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі,
жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші
есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен
тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны —
терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Достарыңызбен бөлісу: