16-жаттығу. Өзіңіз оқыған мәтін бойынша қандай жаңалық
аштыңыздар.
54
17-жаттығу. Мәтіндегі өзіңізге ұнаған абзацты анықтаңыздар. Өз
таңдауларыңызды түсіндіріңіздер.
18-жаттығу. Мәтіндегі жаңа ақпаратты қалай пайдаланар
едіңіздер?
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу. Берілген зат есімдердің жұрнақ, жалғауларын
ажыратып жазыңыздар.
зат есім Жұрнақ Жалғау ақылдылық
қамқорлық
сыйластық
отбасының
келіспеушілік
татулықта
қасиетті
2-жаттығу. Грамматикалық формаларды сөздің түбірінен
ажыратыңыздар. Сөздерге сұрақ қойыңыздар. Сөз тіркестерін құрыңыздар.
Әке мен шешеге
Балаларына
Үйде
Адамдарға
Отбасында
3-жаттығу. Сөйлемнің мағынасын осы, келер және өткен шақта
өзгертіп айтыңыздар.
Отбасындағы балалардың бірлікте және татулықта өмір сүруі әке
мен шешенің тәрбиесіне байланысты. Отбасында ата-ана балаларына сәби
кездерінен бастап тәлім-тәрбие береді. Олардың тәртіптерін қадағалап,
ақылды және сабырлы болуға тәрбиелейді. Балаларға қамқорлық,
жауапкершілік пен сыйластық туралы үнемі айтып отырады. Егер
отбасында ынтымақ пен бірлік болмаса, онда отбасы мүшелерінің
арасында келіспеушіліктер басталады. Алайда отбасының әр мүшесі «мен»
деп емес, «біз» деп өмір сүрмейінше, ортақ бірлік болмайды.
55
4-жаттығу. Мәтіннен
-у керек құрылымы бойынша берілген
тіркестерді табыңыздар.