58
құрылысшы, тоқымашы, тігінші болғың келсе, өндірісте жұмыс істеу
керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы көбінесе
ауылшаруашылығында қызмет атқарады. Аяқ-киім жөндеуші, сатушы,
шаштараз, сағат шебері, зергер тұрмыстық қызмет көрсету салаларында
жұмыс істейді. Ал әнші, биші, сазгер, режиссер тәрізді мамандықты
таңдасаң, өнер саласында қызмет етесің.
Жоғары оқу орындары
– білім беру, экономиканың, ғылым мен
мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар даярлайтын
мекемелер. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер,
институттар жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни т.б.
жоғары оқу орындары да бар.
Жоғары оқу орындары ұлттық, мемлекеттік, жеке меншік болып
бөлінеді. Астана қаласында бірнеше жоғары оқу орындары бар. Олар:
Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, «Тұран-Астана» университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ
агротехникалық университеті және т.б. Бұл университеттер қоғамның
әртүрлі салаларына білікті мамандар даярлап шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: