1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет88/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
Түсіндірме сөздік 
 
1-жаттығу. 
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
 
 
Мамандық 
Ғылым 
Қызметкер 
Маман 
Білімгер 
  
2-жаттығу. 
Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздердің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  өздеріңіз  сөйлем 
құрыңыздар. 
 
 Мектеп  оқушыларының  мамандық  таңдауда  дұрыс  бағыт  алу 
мәселесі      аса  жауапты  жұмыстардың  бірі  болып  табылады.  Бала  үшін 
болашақ  мамандықты   таңдау   өмірлік   жолын  дұрыс  таңдаумен   бірдей. 
Әрбір  оқушының  жеке  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін  ескеріп,  бағыт-
бағдар  беру – біздің басты міндетіміз.   
 
3-жаттығу. 
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
А) Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік 
қажет,  бұл  жай  күнелту,  тамақ  асыраудың  ғана  жолы  емес,  үлкен  өнерді, 


59 
 
зор  шеберлікті  қажет  ететін  нәрсе»,  -  деп  айтқан  жазушы  Жүсіпбек 
Аймауытов.
 
 
Ә)    Жастар  арасында  ғылыми  қызметкерлер,  педагогикалық, 
инженерлік-техникалық сияқты мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. 
 
4-жаттығу. 
Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканы  тауып,  астын 
сызыңыздар.  Белсенді  лексиканы  мәнерлеп  оқып,  орыс  тіліне 
аударыңыздар. 
 
 Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, 
сәулетші,  экономист,  есепші,  ұшқыш,  ғарышкер  болу  үшін  көп  оқып, 
кәсіби  білім  алу  қажет.  Кейін  теориялық  біліміңді  практикамен 
ұштастырып,  тәжірибе  жинаған  жөн.  Металлург,  кенші,  жүргізуші, 
құрылысшы,  тоқымашы,  тігінші  болғың  келсе,  өндірісте  жұмыс  істеу 
керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы көбінесе 
ауылшаруашылығында  қызмет  атқарады.  Аяқ-киім  жөндеуші,  сатушы, 
шаштараз,  сағат  шебері,  зергер  тұрмыстық  қызмет  көрсету  салаларында 
жұмыс  істейді.  Ал  әнші,  биші,  сазгер,  режиссер  тәрізді  мамандықты 
таңдасаң, өнер саласында қызмет етесің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет