1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет121/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 Мәтінді оқыңыздар
  
Адам  денсаулығы  –  баға  жетпес  байлығымыз.   Сол  себепті  
халқымызда  «Денсаулық  –  зор  байлық»  деген  қанатты  сөз  тегін 
айтылмаған.
  
ХХІ ғасырда адамдардың әлеуметтік жағдайы біршама жақсарды деп 
айтуға  болады.  Біздің  елімізде  халық  денсаулығын  сақтап,  медициналық 
қызмет  көрсету  жүйесі  жақсы  дамып  келе  жатыр.  Денсаулық  саласына 
озық  технологиялар  енгізіліп,  заманауи  диагностикалық  орталықтар 
ашылуда. Еліміздегі емханалар мен ауруханалар жаңа заман талабына сай 
жабдықталуда. 
Елімізде  халықтың  саламатты  өмір  салтын  қалыптастыратын 
орталықтар  ашылды.  Бүгінде    әрбір  емханада  «Саламатты  өмір  салты» 
кабинеті    жұмыс  істейді.  Ондағы  мамандар  адамдардың  дұрыс 
тамақтануына, денсаулығын күтуіне байланысты ақыл-кеңес береді. Олар: 
ұлттық  тамақтану  ұстанымдары,  антистресс  жоғарылығымен  күресу,  таза 
су  ішу,  қанның  тазалығы,  денсаулықты  сақтау  үшін  физикалық 
белсенділікті арттыру және т.б. 
            Адамдар  спорттың  пайдалы  екенін  біледі,  сондықтан  спортпен  көп 
шұғылданады. 
Елімізде  спорттық  жарыстар  мен  ойындар  жиі  ұйымдастырылады. 
Қалалар  мен  ауылдарда  спорт  кешендері  салынып  жатыр.  Ұлттық  спорт 
жақсы  даму  үстінде.  Қазақстанда  бокс  пен  еркін  күрес  бойынша  атақты 
спортшылар  шыға  бастады.  Олар  дүниежүзінде  өтіп  жатқан  спорттық 
жарыстарға  қатысып  жүр.  Саламатты  өмір  сүру  салты  –    адамның  негізгі 
қағидасы. 


83 
 
          Ұлтымыздың  таңдаулы  спортшы  қыздары  мен  жігіттері  өте  көп. 
Солардың  ішінде  олимпиада  жүлдегерлері:  Серік  Сәпиев,  Илья  Илин, 
Александр Винокуров және т.б. 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет