1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет122/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Түсіндірме сөздік 
1.
 
Тіршілік – күнделікті іс – әрекет, өмір  
2.
 
Жүлдегер – жарыстан озған адам  
3.
 
Науқас – ауру адам  
4.
 
Жан – адамға өмір, тіршілік беретін қуат, рух 
 
 
1-жаттығу. 
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
 
 
Байлық 
Спорт кешендері 
Жарыстар  
Ойындар 
Спортшылар 
  
2-жаттығу. 
Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздердің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  өздеріңіз  сөйлем 
құрыңыздар. 
 
ХХІ ғасырда адамдардың әлеуметтік жағдайы біршама жақсарды деп 
айтуға  болады.  Біздің  елімізде  халық  денсаулығын  сақтап,  медициналық 
қызмет  көрсету  жүйесі  жақсы  дамып  келе  жатыр.  Денсаулық  саласына 
озық  технологиялар  енгізіліп,  заманауи  диагностикалық  орталықтар 
ашылуда. Еліміздегі емханалар мен ауруханалар  жаңа заман талабына сай 
жабдықталуда. 
 
3-жаттығу. 
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
А) Адам денсаулығы – баға жетпес байлығымыз. 
Ә)    Біздің  елімізде  халық  денсаулығын  сақтап,  медициналық  қызмет 
көрсету жүйесі жақсы дамып келе жатыр. 
 
4-жаттығу. 
Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканы  тауып,  астын 
сызыңыздар. Сөздің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша 
түсіндіріңіздер. 
 
          Адамдар  спорттың  пайдалы  екенін  біледі,  сондықтан  спортпен  көп 
шұғылданады. 


84 
 
Елімізде  спорттық  жарыстар  мен  ойындар  жиі  ұйымдастырылады. 
Қалалар  мен  ауылдарда  спорт  кешендері  салынып  жатыр.  Ұлттық  спорт 
жақсы  даму  үстінде.  Қазақстанда  бокс  пен  еркін  күрес  бойынша  атақты 
спортшылар  шыға  бастады.  Олар  дүниежүзінде  өтіп  жатқан  спорттық 
жарыстарға  қатысып  жүр.  Саламатты  өмір  сүру  салты  –  адамның  негізгі 
қағидасы. 
 
5-жаттығу. 
Сөйлемді толықтырыңыздар. 
 
Саламатты  ......  сүру  салты  -    адамның  ......  қағидасы.  Ұлтымыздың 
таңдаулы  ......  қыздары  мен  жігіттері  өте  көп.  Солардың  ішінде  ...... 
жүлдегерлері:  Серік  Сәпиев,  Илья  Илин,  Александр  Винокуров,  Диана 
Шарапова және т.б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет