89
1.
Салт етістік
- өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін
етістік. Мысалы: үйге кел, мектепке бар т.б.
2.
Сабақты етістік
– алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет
ететін етістік. Мысалы: хат+ты оқы, үй+ді көрді т.б. сұрақ: нені?
Құрамына қарай:
1.
Негізгі етістік
– толық лексикалық мағынасы сақталады, тікелей
сұраққа жауап бере алады,сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады.
2.
Көмекші етістік
– толық лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі
бола алмайды, тек негізгі етістіктер мен есім сөздермен бірге
қолданылады. Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып
баласынан сұрады. (Ы.А.)
Не істеп? – келе /жатып/ -негізгі етістік. Не істеді? – сұрады –негізгі
етістік.
жатып – сұраққа жауап бере алмайды.-көмекші етістік.
Достарыңызбен бөлісу: