91
Әжелеріміз бен аналарымыз ұлттық тағамдарымызды дайындау
дәстүрін осы күнге дейін сақтап келеді. Олар қымыз-шұбат, құрт-ірімшік
жасауды ұрпағына үйретіп отырады. Халқымыз ұлттық тағамдарды
ерекше дәмді даярлауды өнер деп бағалаған.
Соңғы уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде мейрамхана
бизнесі ерекше дамып келеді. Жеке кәсіпкерлер түрлі ұлттық тағамдарды
даярлайтын мейрамханалар ашып, өз қонақтарын күтеді. Еліміздің бас
қалаларында қазақ, өзбек, ұйғыр, қытай, еуропа елдерінің ұлттық
тағамдарын дайындайтын мейрамханалар желісі адамдар үшін тәуліктің
таңнан түн ортасына дейін өз қызметін көрсетеді.
Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге
айналып отыр. Әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі болып саналады.
Қазақстандық кәсіпкерлер
мейрамхана бизнесіне инвестиция салуда.
Осыған орай, Астана қаласында қоғамдық тамақтандыру саласы жақсы
дамып келеді. Соңғы жылдары көптеген мейрамханалар мен дәмханалар
ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Сондықтан қоғамдық тамақтану саласына
деген сұраныс та артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: