2-жаттығу. Тыйым мәнді сөйлемнің жасалуын анықтаңыздар.
1.
Дәрі-дәрмектердің құрамына адам ағзасына зиян келтіретін
химиялық қоспаларды қосуға болмайды. 2. Жатар алдында тойып тамақ
ішуге болмайды. 3. Ауруды өз бетінше емдеуге болмайды. 4. Темекіні
шамадан тыс көп шегуге болмайды. 5. Жас аналар мен жаңа туған
нәрестелердің денсаулығына ұқыпсыздықпен қарауға болмайды.
3-жаттығу. Төменде берілген сөздерді пайдаланып,
тыйым мәнді
сөйлемдерді толықтырып жазыңыздар.
Үлгі: Күн астында ұзақ ... ... ... .
Күн астында ұзақ жатуға болмайды. 1.
... рұқсатынсыз дәріні ішуге болмайды.
2.
... ... ... жалғыз қалдыруға болмайды.
3.
... ... ... ластауға болмайды.
4.
Мерзімі өтіп кеткен ... ішуге болмайды.
5.
Аязды күндері далада ... ... ... .
6.
Салқын суда ұзақ ... ... ... .
жатуға болмайды, дәрігердің, науқас адамды, қоршаған ортаны, дәріні,
ұзақ жүруге болмайды, шомылуға болмайды.