ақ жүрек адамдар.
Батыр: - Олар – адам денсаулығына жауапты адамдар.
Дана: - Менің әкем – эндокринолог. Оның жұмысы өте ауыр.
Айқын: - Менің әкем – хирург. Ол облыстық ауруханада жұмыс істейді.
Ол - тәжірибелі маман.
Жібек: - Менің анам халық емін жақсы біледі. Бізді халық емімен емдейді.
Зураб: - Мен ауырмас үшін спортпен айналысамын.
Бірлік: -Жандос ауруханаға түсіп қалыпты ғой.
Зураб: -Қандай ауруханаға?
Бірлік: -Облыстық аурухананың терапия бөлімінде жатыр. Қатты суық
тиіпті.
Батыр: - Бәріміз бос уақытымызда Жандосқа барайық. Денсаулығын
білейік. Әрине, жеміс-жидек алып, денсаулығын біліп қайтайық.
14-жаттығу. Қанша сөз естеріңізге түседі? Сөз байлықтарыңызды
тексеріңіздер!
15-жаттығу. Топпен жұмыс. Оқыңыздар. Үлгі бойынша полилог
құрыңыздар.
Денсаулығыңды сақта!
Фархад:
- Наргиз, сен 2 күн жұмыста болмадың? Не болды?
Наргиз:
- Менің тамағым ауырды. Дәрігерге бардым. Дәрі іштім.
Асқар:
- Ал мені анам қара өрік шайымен емдеді.
Әлия: