76
қызметі деп аталады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Онда тәжірибелі
дәрігерлер қызмет етеді. Адам денсаулығының нашарлауы негізінен
қоршаған ортамен байланысты. Адамдардың ішетін суы, тамағы және
демалатын ауасы таза болуы қажет. Алайда соңғы уақыттарда қоршаған
ортамызда экологиялық өзгерістер болып жатыр.
Адамдар да өз денсаулықтарын қорғау қажет. Саламаттылық –
денсаулық негізі, ал денсаулық – байлық негізі. Біздің мемлекетімізде
жаны сұлу, тәні сау ұрпақ тәрбиеленуде.
Әр мемлекет өз азаматтарының, халқының тұрмысын жақсартып,
әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөледі. Халықтың басты
мақсаты –саламатты өмір салтын ұстану.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Біздің
қоғамымызға дені сау, мықты адамдар қажет. Дені сау адамдар – ұлттың
болашағы.
Медициналық қызмет қазақстандықтар үшін ақылы және ақысыз
түрде көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедек балаларға
мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді және ақысыз қызмет көрсетіледі.
Адамдар кейде халық емшілеріне де барады. Олар науқастарды
табиғи шөптермен емдейді.
Халықтық емдеу жүйесінің берері мол.
Өйткені халық емшісі дайындаған дәрі-дәрмектерінің құрамында адамның
ағзаларына зиян келтіретін химиялық қоспалар болмайды. Сондықтан да
оның пайдасын бағалай отырып пайдаланудың маңызы зор.
Қазақстанда адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 67 жас. Осындай
деңгейге жетуде инновация технология көмекке келеді. Кез келген жеке
тұлға 40 жастан асқан соң арнайы емханаларда скрининг өтуі қажет. Ол –
аурудың алдын алу деген сөз. Түрлі ауруларды ерте анықтайды, халыққа
медициналық қызмет көрсетіледі.
Егер адам ауырса, дәрігер оған ауырғандығын дәлелдейтін
анықтама қағазын немесе уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы қағаз
береді.
Достарыңызбен бөлісу: