1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет114/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Түсіндірме сөздік 
 
1.
 
Саламатты  өмір  –  халықтың  денсаулығы,  тазалығы,  дене 
мәдениеті  
2.
 
Тән – адамның денесі  
3.
 
Жүйе – белгілі бір нысандардың байланысындағы тәртіп  
4.
 
Ем – ауруға қарсы істелетін зат  
5.
 
Қоршаған орта – табиғат, материалдық, қоғамдық, рухани жағдай  
 
 
1-жаттығу. 
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
 
 
Денсаулық 


77 
 
Дәрігер 
Емхана 
Анықтама қағазы 
Науқас 
  
2-жаттығу. 
Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздердің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  өздеріңіз  сөйлем 
құрыңыздар. 
 
            Денсаулық – адамның негізгі байлығы. Сондықтан адамдар ауырған 
кезде  үйге  дәрігер  шақыртады.  Олар  ауырғандарға  алғашқы  көмек 
көрсетеді.  Елімізде  бұндай  медициналық  көмектің  түрі  «Жедел  жәрдем» 
қызметі  деп  аталады.    Ол  тәулік  бойы  жұмыс  істейді.  Онда  тәжірибелі 
дәрігерлер қызмет етеді.  
 
3-жаттығу. 
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
А)  Адамдардың  ішетін  суы,  тамағы  және  демалатын  ауасы  таза  болуы 
қажет. 
Ә)  Салауаттылық – денсаулық негізі, ал денсаулық – байлық негізі. 
 
4-жаттығу. 
Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканы  тауып,  астын 
сызыңыздар. Сөздің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша 
түсіндіріңіздер. 
 
          Адам  денсаулығының  нашарлауы  негізінен  қоршаған  ортамен 
байланысты.  Адамдардың  ішетін суы,  тамағы  және  демалатын  ауасы  таза 
болуы қажет. Алайда соңғы уақыттарда қоршаған ортамызда экологиялық 
өзгерістер болып жатыр.   
         Адамдар  да  өз  денсаулықтарын  қорғау  қажет.  Салауаттылық  – 
денсаулық  негізі,  ал  денсаулық  –  байлық  негізі.  Біздің  мемлекетімізде 
жаны сұлу, тәні сау ұрпақ тәрбиеленуде.    
 
5-жаттығу. 
Сөйлемді толықтырыңыздар. 
 
Әр  .......  өз  азаматтарының,  халқының  тұрмысын  жақсартып, 
әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөледі. Халықтың ...... мақсаты 
– саламатты өмір салтын ұстану. 
Денсаулық  дегеніміз  –  адам    ......  мен  тәнінің  амандығы.    Біздің 
қоғамымызға    дені  сау,  мықты  ......  қажет.    Дені  сау  адамдар  –  ұлттың 
болашағы.   
 
6-жаттығу. 
Мәтін тақырыбын оқып, оның мазмұны не туралы болатынын 
әңгімелеңіздер. 


78 
 
 
7-жаттығу. 
Сөздерді  әліпби  бойынша  реттеп  жазып,  олармен  сөйлем 
құрыңыздар. 
 
денсаулық,  медициналық  қызмет,  саламатты  өмір,  сау  адам,  ауру  адам, 
жаны,  тәні,  дәрігер,  бала  дәрігері,  тіс  дәрігері,  емдеу,  дәрі,  емхана, 
аурухана, дәріхана, сапа, ем, білікті маман, ауруды қабылдау, мекемелер 
 
 
8-жаттығу.   
Берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  кесте  бойынша 
жазыңыздар. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет