94
1.
«Бақ сарайы» мейрамханасында үйлену тойымыз болады. 2.
Той дастарқанына дәстүрлі тағамдар қоямыз. 3. Тойға ағам мен жеңгем,
қарындасым, үлкен әпкем, нағашы атам және достарым келеді.
15-жаттығу.
Монологті І жақтан баяндаңыздар. Диалог құрыңыздар.
Менің бүгін туған күнім. Әпкем кең дастарқан жайды. Дәмді
тағамдар пісірді. Әпкем ет тағамдарынан мәнті мен палау дайындады.
Көкөністерден түрлі салаттар әзірледі. Алма мен алмұрт шырындарын
сатып алып, үстелге қойдық. Дастарқанға тәтті тағамдардан кәмпит, торт
және түрлі жеміс-жидектер қойдылды.
16-жаттығу
. Төмендегі сөйлемдердің әр сөзіне сұрақ қойып жазыңыздар.
Үлгі
:
Әпкем кең дастарқан жайды.
а) Кім кең дастарқан жайды?
ә) Әпкем не істеді?
б) Әпкем қандай дастарқан жайды?
1) Әпкем ет тағамдарынан мәнті мен палау дайындады.
2) Алма мен алмұрт шырындарын сатып алып үстелге қойды.
3) Дастарқанға түрлі жеміс-жидектер де қойдық.
17-жаттығу
. Сұрақтарға жауап жазыңыздар.
1. Еттен әзірленетін қандай тағамдарды білесіздер?
...............................................................................
2. Сүттен жасалатын қандай тағамдарды ұнатасыздар?
.....................................................................................
3.Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіздер?
......................................................................................
4. Мереке күндері қандай тағам даярлайсыз?
............................................................................................
5. Сен кешкі асқа не жейсіз?
........................................................................................
6.Қандай сусындарды ұнатасыз?
......................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: