1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


-жаттығу.  Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер



Pdf көрінісі
бет161/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

1-жаттығу. 
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
 
Салт-дәстүр 
Шілдехана 
Сәби  
Ата-ана 
Немере 
Шөбере 
  
2-жаттығу. 
Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздердің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  өздеріңіз  сөйлем 
құрыңыздар. 
         Қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігінде  салт-дәстүрдің  алатын  орны 
ерекше. Әрбір ата-ана баласы дүниеге келгеннен бастап, оны ұлттық  салт-
дәстүр  негізінде  тәрбиелейді.  Бала  дүниеге  келгенде  шілдехана  тойын 
жасайды.  Сондай-ақ  баланы  бесікке  бөлеу  –  отбасы  үшін  ең  қуанышты 
сәттердің бірі. 
3-жаттығу. 
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
   А)  Қыз  бала  тоғызға  келгенде  оның  анасы  «құлақ  тесу»  ғұрпын 
өткізген.   


111 
 
Ә)  Балалары ер жеткенде ұл баланың үйлену тойын, қыз баланың 
тұрмысқа беру тойын жасаған. 
 
4-жаттығу. 
Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканы  тауып,  астын 
сызыңыздар. Сөздің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша 
түсіндіріңіздер. 
 Қазақ  халқы  отбасының  татулығына,  бірлігіне    ерекше  көңіл 
бөледі.  Отбасында  қарт  адамның  сөзін  бөлмеу,  оны  құрметтеу  –  бірінші 
қағида.  Үйге  келген  туыстарды  қарсы  алып,  дастарқанға  дәм  қою,  бұл  – 
екінші қағида.  
Үйдің  қаржы  мәселесі  –  біздің  ортақ  мәселеміз.  Себебі  оны 
үнемдеу, дұрыс жұмсау – үшінші қағида. Егер отбасында мәселе туындаса, 
ол  үй  ішінде  шешіледі.  Біз  отбасында  барлық  мәселелерді  ақылдасып 
шешеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет