18-жаттығу.
Қазақтың ұлы тұлғаларын қазақ әліпбиі ретімен жазыңыздар.
Абай Құнанбаев, Сырым Датұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Абылай
хан, Ахмет Байтұрсынұлы, Біржан сал, Сүйінбай Аронұлы, Ыбырай
Алтынсарин, Дулат Бабатайұлы, Шоқан Уәлиханов, Міржақып Дулатұлы,
Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов
19-жаттығу.
Мәтін тақырыбын оқып, оның мазмұны не туралы
болатынын әңгімелеңіздер.
20-жаттығу.
Үлгі бойынша сұраулы сөйлемді жай сөйлемге айналдырып
жазыңыздар.
1.
Ата-бабаларымыз өз ұрпағын қалай тәрбиелеп өсірген?
2.
Ш.Уәлиханов Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін
зерттеді ме?
3.
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?
21-жаттығу.
Төменде берілген сөз тіркестерін сөйлемді толықтыру үшін
пайдаланыңыздар.
намысқой азамат, ар-ұжданы жоғары, өнегелі ұрпақ, өнерлі жас
Сөйлем: Бұл тұлғалар ______ , ______, ______, _______.
Достарыңызбен бөлісу: |