ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу. Мәтіндегі өздеріңізге таныс грамматикалық құрылымды
анықтап, 3 сөйлем құрып жазыңыздар.
Үлгі: үлес қос+қан, жаз+ды, жатқыз+у+ға бол+а+ды .... Қазақ хандары еліміздің нығаюына үлес қосқан. Абай табиғат жайлы өлең жазды. Бұл тұлғаларды өнер сүюшілер қатарына жатқызуға болады. 2-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай бастауышы бар сөйлемдерді тауып
оқыңыздар, тыныс белгісіне көңіл аударыңыздар.
Үлгі: Олардың қатарына Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов және тағы басқа тұлғаларды жатқызуға болады. 3-жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша сөйлем құрыңыздар.
Үлгі: Ол – Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.