1-жаттығу. Өздік есімдігін үлгі бойынша септеңіздер.
Септік өзім өзің өзіңіз өзі
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
өзім
өзімнің
өзіме
өзімді
өзімде
өзімнен
өзіммен
2-жаттығу. Берілген сан есімдерге болжалдық сан есімнің жұрнағын
жалғаңыздар. Олармен сөйлем құрыңыздар.
Үлгі:
Кең даламызда мыңдаған құстар, жан-жануарлар мен өсімдік түрлері бар. он _______________
жүз______________
миллион __________
3-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді тауып
жазыңыздар.
Үлгі:
Құсты күту, тәрбиелеу, өсіру, баптау және аңшылыққа үйрету – үлкен өнер.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ: Қалау мәнді сөйлем.
Жасалу жолы.
Етістік - ғы (-гі, -қы- кі) + ТЖ келу, етістік + ған ( -ген, - қан, -кен)+ТЖ+ ТС қалау тіркестері және т.б тәсілдер арқылы шақ, жақ
бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.
4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің етістіктеріндегі
- ғы (-гі, -қы- кі) жұрнақтарының қолданылуын түсіндіріңіздер.
Үшінші сөйлемдегі
«қалаймын» етістігінің қолданылуын түсіндіріңіздер.