2.
Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының табиғатын
тамашалағың келе ме?
3.
Сирек өсімдіктер мен жануарлар, аң-құстар жайлы кітап жазғанын
қалаймын.
4.
Менің інім барыс, аққу, бүркіт, тырна, қызыл қасқырдың суреттерін
салғанды ұнатады.
5-жаттығу.
Төмендегі етістіктерді қалау рай формасында жіктеңіздер.
Үлгі: Менің қорғағым келеді, қорғағым келіп тұр, қорғағым келді
Қорғау, аялау, баптау, күту, өсіру, сақтау
№22 Сабақ
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: Қорықтар мен ұлттық парктер
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: Мезгіл мәнді сөйлем
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.
1.
Қорық, кеңістік, тау, белдем, көгал, құм, жазық, топырақ, орман,
жота.
2.
Ұлттық саябақ, табиғат кешені, жануарлар әлемі ерекше қорғалатын,
мемлекеттік мекеме, орман шаруашылығы, шөлді дала, таулы-
орманды шұрат, демалыс үйлері, емдеу мекемелері, тау жотасы,
қырлы-жоталы.
3.
Ұйымдастыру, енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |