1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет209/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
Мәтінді оқыңыздар
 
          
Қорық
 
– үкіметтің  қорғауында болатын жер не су кеңістігі,  арнайы 
қорғау ережесі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.  Қорық арнайы 


143 
 
қорғалатын  аумақ  пен  бірге  табиғатты  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік 
ғылыми  мекеме  болып  табылады.    Мұнда  саны  сиреп  бара  жатқан 
жануарлар  мен  қоры  азайып  кеткен  өсімдік  түрлерін  қалпына  келтіру 
мәселесі терең зерттеледі.
 
 
  
 
Алматы,  Марқакөл,  Барсакелмес,  Ақсу-Жабағалы  және  Наурызым 
қорлары  дала  флоралары  мен  фауналарын  қорғау  күту  және  баптау  үшін 
құрылған.    Алматы  және  Ақсу-Жабағалы  қорығында  марал,  елік,  арқар, 
таутеке,  аю,  ұлар  және  ілбіс  тіршілік  етеді.  Марқакөл  қорығында 
сүтқоректілер  мен  құстар  тіршілік  етеді.  Ал  Барсакелмес  (Арал  теңізі 
маңайындағы  аралда)  сирек  кездесетін  бөкен,  құландар  қорғалады. 
Наурызым қорығы - қоқиқаздардың тыныс-тіршілігі, өмір сүру орны. 
            
Қазақстанда бірнеше ұлттық саябақтар:  Баянауыл  ұлттық саябағы, 
Іле  Алатауы  саябағы,  Қарқаралы  саябағы,  «Алтынемел»  табиғи  саябағы, 
Көкшетау саябағы, Бурабай ұлттық саябағы бар. 
            Баянауыл  ұлттық    саябағында  құстардың  бірнеше  түрлері, 
сүтқоректілердің,  балықтың,  өсімдіктің    түрлері  кездеседі.      Табиғатының 
қолайлы  жағдайына  байланысты  Баянауыл  тауларын  «шөлді  даладағы 
таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ  –   демалыс пен туризмнің 
дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік 
базалар орналасқан.   
            Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағы  табиғи кешендерді, жануарлар 
мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау мақсатында 1996 жылы 
құрылған.      Саябақ  белдеміне  Алматы  қорығы  мен  оған  іргелес  жатқан 
орман шаруашылықтары кіреді.
 
Саябақ аумағында орналасқан тау көлдері 
–  табиғаттың  ең  көрікті  жерлерінің  бірі.  Олардың  ішіндегі  ең  ірісі 
ә
рі 
әдемісі  –  Үлкен  Алматы  көлі.
 
Іле  Алатауы  ұлттық  табиғат  саябағында 
өсімдіктердің  1500  түрі  анықталған.  Бұл  өсімдіктердің  40  түрі 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.  
            Қарқаралы  мемлекеттік  ұлттық  табиғат  саябағы  1998  жылы  
құрылған.  Ол  Қарағанды  облысының  Қарқаралы  ауданының  шығыс 
жағында  орналасқан.    Қарқаралының  ауа  райы  оны  қоршаған  аймақтарға 
қарағанда  әлдеқайда  біркелкі,  қоңыр  салқын.  Қарқаралының  көгалды 
табиғатына  ерекше  сұлулық  беретін 
Шайтанкөл  
 және
 Үлкен  көл
 сияқты 
бірнеше көлдер бар.   
         «Алтынемел»  ұлттық  мемлекеттік  табиғи  саябағы  1996  жылы   
ұйымдастырылды.    Саябақта  таулы  аймақ,  құмды  шөлді  аймақ,  жазық 
далалы  аймақ,  қырлы-жоталы  аймақ  және  топырақты  далалы  аймақ  бар. 
Негізгі  бөлігі  таулардан  тұрады.    Бұл  саябақ  –  үлкендігі  жағынан 
Қазақстандағы  ең  үлкен  табиғи  саябақ.  Саябақтың  аймағында  көптеген 
туристік мекендер бар.  
 
          Солтүстік  Қазақстан  облысының  Айыртау  ауданында  «Көкшетау» 
мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағы  орналасқан.    Ұлтық  саябақтың 
аумағында  мемлекет  қорғауына  алынған  185  археологиялық,  тарихи, 
сәулет  және  монументальды  өнер  ескерткіштері  бар.    Бурабай  ұлттық 


144 
 
табиғи  саябағы  саяхат  жасау,  демалу  және  көл,  тау,  орман  ландшафтын 
қорғау үшін құрылған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет