1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


№2 Тақырып: Ұлттық қауіпсіздік – ұлағатты ұстаным



Pdf көрінісі
бет329/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

№2 Тақырып: Ұлттық қауіпсіздік – ұлағатты ұстаным 
 

 
Тақырыпты дауыстап оқыңыздар. 
 

 
Сіздер «Ұлттық қауіпсіздік» деген ұғымды қалай түсінесіздер? 
 

 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің ішкі және сыртқы байланыстарында 
қандай іс-шаралармен айналысады? 
 

 
Сіздерге  «қауіп  –  қауіптену  –  қауіпсіздік»  деген  сөздер  түсінікті  ме?  Бұл 
сөздің түсіндірмесін Оқу сөздігінен қарап алуыңызға болады. 
 

 
қауіп – қорқыныш; 

 
қауіпсіздену – қорқыныштан құтылу, қажетсіздік; 

 
қауіптену – қауіп ойлау, күдіктену 
 

 
«Ұлттық қауіпсіздік – ұлағатты ұстаным» тақырыбына жазылған мақаланы 
шолып оқып шығыңыздар. 

 
Мақала  мәтініндегі  бүгінде  жиі  қолданылып  жүрген  терминдердің  (кірме 
сөздер) астын сызып, теріп жазыңдар. 
 
1.  «Жедел  іздестіру  қызметі  туралы»,  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күрес  туралы»,  «Мемлекеттік  құпиялар  туралы»  заңдар  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  қызметін  толықтай 
нақтылап,  терроризммен,  эксртемизммен,  сепаратизммен  және  басқа  да 
мемлекетке  қарсы  көрністермен  күресте  барлық  құрылымдардың  жедел 
шамалары мен күштерін  үйлестіруге мүмкіндік береді. 
2.    Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  қарсы 
барлау қызметі бұрынғы жарты ғасырлық мол тәжірибесін тиімді қолдана 
отырып,  ҰҚК  Академиясы  мен  Әскери  инситутында,  сондай-ақ  басқа  да 


221 
 
елдердің  арнайы  оқу  орындарында  жақсы  даярлықтан  өткен  жас  қарсы 
барлаушылардың  тұтастай  бір  буынын  қалыптастырады.  Олар  шетел 
арнайы  қызметтерінің  жаңа  жұмыс  ағымына  қарсы  тұра  білуде.  Біздің 
қарсы  барлаушылардың  білікті  де  қажырлы  жұмыстарының  нәтижесінде 
соңғы  үш  жыл  ішінде  жиырмадан  астам  шетел  арнайы  қызметтерінің 
агенттері  мен  кадрлық  мамандары  анықталып,  олардың  біздің 
аумағымыздағы іс-әрекеттерінің жолы кесілді. 
3.  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  Қытай,  Ресей,  Өзбек,  Түркімен 
шекараларында  мемлекеттік  шекараны  күзету  бойынша  өзінің  ауқымы 
жағынан  теңдесі  жоқ  жұмыстар  жүргізуде.  Оның  үстінде  жаңа  бағыт  – 
теңіз  шептері  пайда  болды,  бұлар  ұйымдастырушылық,  техникалық  және 
жедел  сипаттағы  қосымша  шаралар  қолдануды  қажет  етеді.  Осы  жылдар 
ішінде  Қазақстаннан  мұнай  өнімдерін,  түсті  металлдар  мен  әскери 
техниканы,  сондай-ақ  мәдени  құндылықтарды  заңсыз  шығарып  алып 
кетуге  бағытталған  талай  әрекеттердің  жолы  кесілді.  Бірқатар  шетел 
фирмаларымен  тиімсіз  келісім-шарттар  жасасудың  алды  алынып, 
материалдық  резервті  ұрлау  және  талан-таржыға  салу  әрекеттері 
тоқтатылды,  сондай-ақ  Астана  қаласында  және  республикамыздың 
бірқатар  қалаларында  жалған  кәсіпкершілік  қызметімен  айналысатын 
көптеген  фирмалар  жойылды.  Қазақстан  Республикасы  ҰҚК  органдары 
бірнеше жылдар бойы кеден лауазымды адамдарының қатысы бар бірқатар 
қылмыстық  қауымдастықты  жою  бойынша  ірі  көлемді  операциялар 
жүргізді.  Осы  шаралар  нәтижесінде  мемлекет  қазынасына  қыруар  қаожы 
қайтарылып, ол еліміздің экономикалық базасын нығайтуға бағытталады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет