Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері. Қызмет – қызмет ету – қызметі – қызметтерімен
–
«Қызықты грамматика» айдарымен таныс болыңыздар!
-уда \ - уде қосымшалары ресми жазылатын мақалаларда саяси
көзқарастарын білдіруде жиі қолданылады.
ӨРНЕК: тиісті шаралар қолдан-уда, ынтымақтастық өрісте-уде, жұмыс
жүргіз-уде.
–
Сіздер бұрынғы өткен тақырыптар бойынша діни-экстремистік ұйымдар
туралы ақпараттарыңыз баршылық. Осы ұйымдардың әлемдегі Еуропа
елдеріндегі іс-әрекеттері туралы құптамайтын және келіспейтін ой-
пікірлеріңізді айтып, өзара сұхбат құрыңыздар.
–
Бірінші мәтіннен заңдар, қысқарған сөздер, ай, жыл аттары, ел атауларына
қатысты сөздерді теріп жазып, оның жазылу ерекшелігін түсіндеріңіздер.
–
Екінші мәтінді дауыстап оқыңыздар. Мәтінде «қарсы барлау қызметі» және
«тұтастай бір буыны» деген оралымдар бар. Түсіндірме сөзікті қараңыздар.
Барлау – жау күштерінің орналасуы туралы мәліметтер жинайтын
жауынгерлік іс-әрекеттің бір түрі.
Буын – ұрпақ, қатарлас, замандас.
–
Елімізде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жанынан құрылған
Академия және Әскери институттар бар. Бұл оқу орындарында кімдерді
дайындауы мүмкін? Ойланыңыздар. Өз ойларыңды баяндап беріңіздер.
–
Мәтінді тағы да қайталап, «Еліміздегі қарсы барлаушылардың мінез-құлқы
және олардың дене бітімі қандай болуы керек» деген тақырыпшаға
полилог құрыңыздар.
–
Үшінші мәтіндегі оқыңыздар. Мәтінде «шекараны күзету» деген сөз тіркесі
кездеседі. Бұл сөз тіркесі сіздерге таныс болуы керек.
–
«Шекараны күзету – әрбір жас жауынгердің міндеті» тақырыбына дөңгелек
үстел ұйымдастырыңыздар. Ол үшін төменде берілген сөздер мен сөз
тіркестерін пайдаланыңыздар: