1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


Тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестері



Pdf көрінісі
бет334/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
Тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестері:
  мұнайды  экспортқа  шығарады, 
шикізатын сатады, уран шығарады, астықты экспорттайды, түсті металдар 
мен азық-түлікті сатады. 

 
Екінші мәтінді дауыстап оқыңыздар. 
 
Мәтіннің  бірінші  сөйлемі  былай  басталады:  «Осыған  орай,  Қазақстан 
Үкіметі  ел  экономикасының  одан  әрі  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін 
теңге бағамын еркін айналымға жіберіп, нақты қадамдар жасады». 
 

 
Сіздер  осы  сөйлемнің  жауабын  мәтіннен  табыңыздар  және  өз 
ойларыңызды дәлелдеңіздер. 

 
Үшінші мәтінді оқыңыздар. 
 

 
Мәтін  мағынасына  қарай  бірнеше  бөлікке  бөлінген.  Дауыс  кідірісін 
(пауза) жасай отырып, дауыстап оқып шығыңыздар.  
 
1. Осыған байланысты  //  Үкімет пен Ұлттық банк   //  бірлесе отырып  //  
нарықтағы  төл  теңгені    //    мелекеттік  төлеуден  босатты.  Демек,  бұдан 
бұлай    //    теңгенің  долларға  шаққандағы  құны    //    арнайы  қаржы 
орталығының   //  бақылауында болмай  //  әлемдік нарықта  //  өзіндік орын 
табады. 
 

 
Нақтырақ айтқанда  //   

 
Ендігі жағдайда  //  
 

 
Жұп  болып  сөз  тіркестерін  оқыңыздар.  Оның  аудармасын  жазыңдар. 
Көрсетілген сөз тіркестерінің құрамын анықтаңыздар.  
 
Теңгенің айырбас бағамы – теңге бағамы  
Макроэкономикалық факторлар  - макроэкономика факторлары 
Айырбас құны  -  айырбас құнын 
Мұнай өндіру көлемінен  -  мұнай өндіру көлемі 
 

 
Қазақ тілінде тұрақты қалыптасқан сөз тіркестері бар. Оларды естеріңізге 
сақтаңыздар: 
қара алтын  -  мұнай 
ақ алтын   -  мақта 
сары алтын  -  астық 
 

 
Мәтіннің соңғы сөйлемін оқыңыздар. 


227 
 
      Бұл  ретте  Үкімет  мұнай  өндіру  көлемінің  айтарлықтай  көлемде 
төмендеуіне жол бермейтінін мәлімдеді. 
 

 
Осы  сөйлемдегі  асты  сызылған  сөз  тіркестерінің орнына 
мақтаны  өсіру, 
астық  сату 
  деген  сөз  тіркесін  қойып,  сөйлемді  оқыса,  оның  мазмұны 
өзгере ме? Грамматикалық білімдеріңізді көрсетіңіздер. 
 

 
Соңғы  мәтінді  оқыңыздар.  Оның  мазмұнында  алдыңғы  бірінші,  екінші 
жәнет үшінші мәтіндегі берілген ақпарат түйінделген. Осы мәтіндегі түйін 
сөзбен келісесіздер ме? Дәлелдеңіздер. 

 
Сіздер  оқып  отырған  мақаланың  тақырыбы  мен  рубрикасы  қалай 
аталады? 
 
1.
 
Мақала газет жанрының қай түріне жатады: 
 
Хат, қарасөз,очерк, фельетон, интервью,  репортаж, әңгіме 
 
     2.  Басылымның  авторы  және  оның  аты-жөні,  қызметі  жайында  не 
білесіздер? 
Автор:
  «Басты    мақсат  –  тұрақтылықты  сақтау»,  -  деп,  мақалаға  тақырып 
берген.  Ел  экономикасының  тұрақтылығын  сақтау  үшін  автор  қандай 
келесі пікірлерді жазған. Ойланыңыздар. 
 

 
Сіздер өздеріңіз оқып отырған мақаланың тақырыбын мағынасына сәйкес 
өздеріңіз  білетін  мақал-мәтел  және  қанатты  сөздермен  ауыстырып,  оқып 
көріңіздер. 
 

 
Мақала  мәтінінде  кездесетін  қызмет,  лауазым  және  географиялық 
атаулардың  жазылу  ерекшелігіне  көңіл  аударыңыздар.  Дәптерлеріңізге 
жазып алыңыздар. 
 

 
Мақаланы  басынан  аяғына  дейін  шолып  шығып,  негізгі  ойды  беретін 
сөйлемдерді табыңыздар. Астын сызыңыздар. 
 

 
Сіздер  ұсынылып  отырған  «Халықаралық  сауда-саттық  жасалу 
мүмкіндігі»  атты  мақаланы  жоғарыдағы  үлгілер  бойынша  өз  беттеріңізше  
талдап, тапсырмалар жазып келіңіздер. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет