1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


№4 Тақырып: Ата заң аясында



Pdf көрінісі
бет335/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

№4 Тақырып: Ата заң аясында 
 
Сіздер оқитын мақала тақырыбы  «Ата Заң аясында»  деп аталады. 
Сіздер қандай сұрақтарға жауап бергілеріңіз келеді? 
 
         Конституцияның  адам  құқы  қорғалуын  қамтамасыз  ететіндігінен 


228 
 
хабарым  мол  және  адам  құқына  қатысты  баптар  өте  көп.  Салыстырмалы 
түрде  айтар  болсам,  қазіргі  кезде  құқының  қорғалуына  мейлінше  жағдай 
жасалған. Оны осы күндері басымнан өткеріп жүрген мынадай жағдаймен 
айғақтай  аламын.  Менің  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып 
табылуым – осы елдің ең басты байлығының бір бөлшегі екендігім. Осыны 
өте  жақсы  сезінемін  және  түсінемін.  Ал  бұл,  өз  кезегінде  менің 
Конституциялық құымның қорғалуына кепілдік беретіндігін айғақтайды.  
      
Қызылорда  облысының    Жаңақорған  ауылында  туып,  өзіп  ұзақ 
жылдар еңбек еттік. Өткен жылға дейін Кеңестік жүйедегі совхозымыздан 
қалған шаруашылықтың шашауын шығармай-ақ  ұстап келдік те, ақылдаса 
келе,  мүлкі  мен  техникасы  жоқ,  есесіне,  гектарлап  жатқан  жері  бар 
қожалағымызды  бөліске  салдық.  Алайда,  ол  жерде  маған  және  менің  төрт 
баламнан    тұратын  отбасыма  тиесілі  үлесім  тимей  қалды.  Ал  ауыл 
іргесінде  әлі  де  бөліске  салынбаған  жер  жатыр.  Біз  кетерміз-ау,  бірақ, 
бүгінгі  балаларым  мен  ертеңгі  ұрпағымның  еншісіне  бұйыруы  тиіс 
пайымды  бағалай  отырып,  2-3  гектар  жер  болса  да  алуым  керек  еді.  Ол 
мүмкін  болмағандақтан,  қазіргі  кезде  ауыл  мен  аудан,  облыстағы    тиісті 
мамандармен  сөйлесіп,  өз  үлесімді  еншілеуге  барымды  салып,  жүгіріп 
жүрмін.  Тіпті,  осы  мәселе  бойынша  өз  өлкемізден  сайланған  Мәжіліс 
депутатының  қабылдауында  да  болып,  оның  көмекшісімен    тікелей 
байланыста отырмын.  
         Бар мақсатым – ертең зейнетке шыққанда немерелеріме мұра ретінде 
қалдыратын  заңды  жерім  болса  ғой  деп  ойлаймын.  Қазіргі  кезде  жан-
жақты тексеріп, себебін анықтау, түсіндіру, нақтылау жұмыстары жүргізілу 
үстінде.  Оң  нәтижеге  қол  жеткіземін  деген  үміттемін.  Ал  егер  болмай 
жатса, Елбасының атына хат жазып, араша сұрау да ойымда жоқ емес. Бұл 
менің    ел  азаматы  әрі  қарапайым  жұмысшы  ретіндегі  өз  ойым.  Өйткені, 
маған  Ата  Заңымыз  осындай  мүмкіндіктер  береді.  Жауапты  ведомстволар 
мен  тиісті  құзырлы  органдарға  арыз,  шағымыңды  айта  отырып,  өз 
құқыңды  қорғайсың.  Егер  олардың  жұмысына  көңілің  толмаса,  тіпті, 
Президентке  дейін  хат  жазып,  өз  құқыңның  қоғалуын  қаматамасыз  ете 
аласың. Біздің Конституциямыз азаматтарға осындай мүмкіндіктер береді. 
Салыстыра  отырып,  саралап  көріңіз  енді,  Кеңес  заманында  осындай 
мүмкіндіктер болды ма өзі?! 
        Ата  Заң  біздің  қоғамның  негізгі  қағидаттарын  анықтап,  елімізді 
демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 
белгілеп,  оның  ең  қымбат  қазынасы    -  адам  және  адамның  өмірі, 
құқықтары  мен  бостандықтары  екендігін  бекітті.  Адам  құқықтары  мен 
бостандықтары  танылып  қана  қоймайды,  олардың  орындалатынына  Ата 
Заң кепілдік береді.  
                                                                
Құралбай Сәрсенов 
«Астана көгалдандыру» 
АҚ мұрабы 


229 
 
 
Тақырып пен 
тақырыпшаны 
қайталап оқыңыздар. 
Мақаланың тақырыбы мен тақырыпшасын оқи 
отырып, мақала мәтінін оқығанға дейінгі сөздер, 
сөз тіркестері тізімін жасаңыздар.  
 

 
Сіздер қалай ойлайсыздар, осы  Ата  Заң аясында адам құқығы қорғалуына 
қатысты  негіздемелер  айтылуы  мүмкін  бе?  Онда  бірнеше    сөздер  мен 
сөйлемдер тізбесін жасаңыздар. 
 

 
Сіздер  Қазақстан  Республикасының  Конситуциясындағы  1-баппен 
таныссыздар  ма?Айтып  беріңіздер.  Мүмкін  тақырыпша  мазмұны  осы 
баппен сәйкес келетін шығар. 

 
Тақырыпшаны оқыңыздар. Осындағы негізгі ойды беретін сөйлемді оқып, 
өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер. 
 

 
Мақаланың төменгі жағында автордың аты-жөні, фамилиясы және атқарып 
жүрген  ісі  туралы  ақпарат  берілген.  Оқыңыздар.  Сұрауларға    жауап 
беріңіздер: Ол жұмысшы ма, әлде қызметші ме? 
 

 
Тақырыптың бірінші мәтінін оқыңыздар. 
Мақала  авторы:  «Мен  жоғарыда  атап  өткен  құқымның  мемлекеттік 
тұрғыдан қорғалуымның бірден-бір көрінісі сол болуы керек ...» - дейді. 
 

 
Оның  мемлекеттік  тұрғыдан  қорғалуы  керек  құқықтары  қандай  екен? 
Мәтін ішінен тауып,  көрсетіп жазыңыздар. 
 

 
Тіліміздегі    «
абаттандыру
»  сөзі  жиі  қолданылады.  Сіздер  бұл  сөздің 
мағынасын білесіздер ме?   
 

 
Автор: «бейнетіміздің зейнетін» көреміз деп жазған.  

 
Бейнет деген не? 

 
Зейнет деген не? 
 

 
Ойланыңыздар. Сіздерге көмекке келетін Оқу сөздігі болар. 

 
бейнет көру  -   қиналу, азап шегу 

 
зейнет көру  -   рахатын көру 
 

 
Мына сұрау төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет