223
–
Фразелогизмді оқыңыздар! Сіздер оның мағынасын қалай түсінесіздер?
Тұрақты тіркесті өздеріңізді сұхбаттарыңызда белсенді қолдана біліңіздер.
Ынтымақ болмай, іс болмас.
–
Жоғарыда берілген фразелогизінің грамматикалық сипатын анықтаңдар.
Ынтымақ:
өзара ынтыма-ғ-ы жарасқан, олардың ынтыма-ғ-ы,
барлаушылардың ынтымақтасты-ғ-ы.
–
«Бірлік болмай – тірлік болмайды» сөз тіркесіндегі «бірлік» сөзінің
синонимін табыңыздар.
–
Үшінші мәтінді оқып, асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін теріп
жазыңыздар. Сұрақтарға жауап іздеңіздер.
1. Мұнай өнімдеріне не жатады?
2. Түсті металдарды білесіздер ме?
3. Әскери техникалардың аттарын атай алсыздар ма?
4. Мәдени құндылықтарға не жатады?
–
Мәтінде экономикаға, ел дамуына қатысты айтылатын жағымсыз сөздер
бар. Олар: тиімсіз келісімшарттар, ұрлау, талан-таржыға салу сөздері.
Тиімсіз, пайдасыз, пайдаға жарамау
Ұрлау – біреудің затын өзіне меншіктеу тұрғысындағы қылмысты іс.
Талан – тараж – мал-мүлкін, затын, дүниесін байлығын тонаушылық,
тартып алушылық.
–
Сіздер мәтін ішінен осы сөйлемді ашатын және толықтыратын
ақпараттарды тауып, сөйлемдегі «еліміздің экономикалық базасын
нығайтты» деген ойға өз пікіріңізді қосып түйіндеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: