1. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздері


45-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері



бет2/2
Дата23.12.2022
өлшемі38,35 Kb.
#163983
1   2
Байланысты:
адвокатура

4.
45-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
1) құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да консультациялар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтінішхаттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;
3) азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысады;
4) қылмыстық сот ісін жүргізуге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады;
5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға клиенттің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда клиенттің мүдделерін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында клиенттің мүдделерін білдіреді;
8) атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде клиенттің өкілі ретінде қатысады;
9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
2. Адвокаттар Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге заң көмегін де көрсетеді.
3. Көмек сұрап өтініш жасаған тұлға, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, адвокаттың қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша адвокат қорғаушы ретінде тағайындалған жағдайларды қоспағанда, адвокат таңдауда еркін болады.
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіптік қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
5.
47-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу
1. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен жазбаша шартында белгіленеді.
Шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шарттың бір данасы осындай шарт жасасылған тұлғаға табыс етіледі.
2. Шарттың елеулі талаптары мыналар болып табылады:
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) не адвокаттық кеңсенің атауын көрсету. Адвокаттық кеңсе мен заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлға арасында жасалатын шарт бойынша қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды адвокаттық кеңсе тағайындаған адвокат қабылдайды;
2) адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысанын және тапсырманы қабылдаған адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырманың нысанасы;
4) көрсетілетін заң көмегіне ақы төлеу және адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарын өтеу мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары.
3. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табысты болуына қарай ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.
Адвокаттың немесе адвокаттық кеңсенің тиісті қаржы құжатын бермей, заң көмегіне, оның ішінде ауызша заң консультацияларына ақы төлеу және тапсырманы орындауға байланысты шығыстар есебіне қолма-қол ақша алуына жол берілмейді.

6.
49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары

Адвокат өз қызметін адвокаттар алқасында құрылатын заң консультациясында не заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыруға, сондай-ақ өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, адвокаттық кеңсе құруға құқылы.

Кәсіптік қызметті заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың адамдарды қабылдауға, адвокаттық іс қағаздарын жүргізудің сақталуын және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдайларды сақтауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.

7.
31-бап. Адвокатураның мақсаты


  1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.



  1. Адвокаттар алқасы адвокаттардың қылмыстық iстер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қорғау, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және оларды iске асыруда жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады.

3. Адвокаттар өздері жүзеге асыратын адвокаттық қызмет шеңберiнде көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.


8.
60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату


  1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттың адвокаттар алқасына мүшелігін мынадай:



    1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған;



    1. Адвокат өз міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;




    1. Біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындай алмайтыны анықталған;



    1. Мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеген;




    1. Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге ақы төленетін қызметпен де айналысқан;



    1. Өз еркі бойынша;




    1. Адвокат қайтыс болған жағдайларда;



    1. Алқаның жарғысында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатады.




  1. Адвокатты адвокаттар алқасынан осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға алып келеді.



  1. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтатуға адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшiрмесi адвокатқа табыс етілген күннен бастап бiр ай мерзiмде Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет