1. Аға айтса,асып айтады, Іні айтса,тасып айтады. Ағаға қарап іні өсер



Дата21.01.2022
өлшемі13,45 Kb.
#112551
Байланысты:
Аталар сөзі


Аталар сөзі

1. Аға айтса,асып айтады,

Іні айтса,тасып айтады.
2. Ағаға қарап іні өсер...
3. Ағадан-ақыл,ападан-өнеге.
4. Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.


5. Адал еңбек аздырмас,

Арамдық бойды жаздырмас.


6. Адал еңбек елге жеткізер

Арам қулық елден кеткізер.


7. Адам болатын бала алысқа қарайды.
8. Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені,

Шын достыққа белгісі-көп кешікпей келгені.


9. Адам көркі-шүберек,

Ағаш көркі-жапырақ.


10. Адамның бір жақсысы-көзінен,

Бір жаманы сөзінен білінеді.

11. Адам-сөйлескенше ,

Жылқы-кісінескенше.


12. Ақымаққа күнде той,

Ақылдыға күнде ой.


13. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіріеді.


14. Аталар сөзі-ақылдың көзі.
15. Аталы сөз-атан түйеге татиды.
16. Атасыз үй-батасыз,

Анасыз үй-панасыз.


17. Аттан тай озады,

Атадан бала озады.


18. Бала жүруді жығылудан үйренеді.
19. Басқа елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.


20. Жақсылық ағаш басында ,

Жамандық аяқ астында.


21. Жақсының аты өшпейді,

Ғалымның хаты өшпейді.


22. Жалғыз ағаш орман болмас,

Жалғыз адам қорған болмас.


23. Ойнап айтсаң да,ойлап айт.
24. Отбасына қарап бала өседі,

Қарағайға қарап тал өседі.


25. Судың да-сұрауы бар.
26. Уақыты бардың-бақыты бар.

27. Құсты қанат ұшырады,

Адамды талап ұшырады.

28. Ұлың өссе, күндей боласың,

Қызы өссе, гүлдей боласың.

29. Күшіңе сенбе,

Адал ісіңе сен.

30. Қайта кірер есігіңді қатты жаппа.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет