1. Ағартушылық философиясы және француз материализмі


Классикалық неміс философиясы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі26,65 Kb.
#94526
1   2   3
Байланысты:
02.11.20 Философия негіздері 6 Дәріс

2. Классикалық неміс философиясы
Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804) болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И.Кант жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті. И.Кант дуалист болды, өйткені ол материалдық нәрселердің объективті өмір сүретіндігін мойындады, алайда олар мәнін танып-білуге болмайтын «өзіндік зат» болып табылады деді. Ол заттармен қатар өмір сүретін құбылыстар дүниесі, немесе табиғат, адам санасынан тәуелсіз, өздігінше өмір сүре алмайды – ол «өзіндік заттардың» сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде пайда болады, демек, ол адам сезімдерінің жиынтығынан басқа ештеңе емес, дейді Кант. Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ішіндегі еркіндік, әсіресе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.
Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің (1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады. Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің айқын түрі болып табылады. Абсолюттік рух сатысы – ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы деп Гегель философияны атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті – өзінің бойындағы адамға тән қасиеті терден арылып, құдайылық жолына түсу. Объективтік сатыда ғана адами өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды, күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады.
Гегельдің тағы бір тамаша ойы – бір рет қана адамгершіліктік іс-әрекет жасаған адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге асықпау керек, бұл жоғары атаққа осы адамгершіліктік іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда ғана ие бола алады. Адамнан сөз бен істің бірлігін, тұрақтылық пен сабырлылықты талап ететін ой, ал бұл бірлікке жеткізетін, Гегельдің пікірінше. еңбектену, талпыну, қойылған мақсатқа ұмтылу.
Гегельдің ойынша, рухты танып-білу ең жоғары, ең қиын нәрсе. Рухты тану – жекелеген қабілеттерді, мінез-құлықты, мүмкіндіктерді дамыту, әлсіздіктен құтылу, яғни, өзін-өзі танып-білу. Бұл пікірдің маңызы ерекше. Сократтың «Өзіңді өзің танып-біл!» қағидасына ұқсас тұжырымнан Гегельдің адамның өзіне, ақыл-ойына, зердесіне деген үлкен сенімін көре аламыз.
Гегель іліміндегі тағы бір маңызды ұғым – «бақытсыз сана» ұғымы. Тереңірек үңілсек, Гегельдің «бақытсыз санасы» өмірдің мәнін таба алмай қиналған адамға тәнт трагедиялық құбылыс. Сыртқы болмыстан мәннің шешімін таппаған сана қайтадан өзіне, ойлау дүниесіне оралады, бірақ заттар мен нәрселер дүниесінен қашып құтыла алмай, ішкі қайшылықтарға ұрынады. Осыдан келіп өмір туралы түсініктің сыртқы болмысқа сәйкес келмеуінен туындайтын қайғы-қасірет пайда болады. Ал, «бақытсыз санадан» арылудың бірден-бір жолы – рухты нығайту.
И.Канттың философиялық антропологиясы мен Гегельдің философиялық жүйесі өзінен кейінгі философиялық мектептердің қалыптасуына, дамуына мықты әсер етті.
Л.Фейербах (1804-1872) материализмді бұрынғы қалпына келтірді, бірақ ол диалектиканы жоққа шығарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет