Континентальді рационализм философиясы
Жаңа заман философиясында субъект және объект түсінігі қалыптасқан, ол туралы К.Фишер былай деп жазады: «Әлем және «мен» бір-біріне жалпы жекеге сияқты және бірін-бірі жоятын қарама-қарсылық сияқты қарамайды, шартқа серт ретінде, объект субъектке қарау ретінде қарайды».
Мұндай философиялық түсінік негізінде субъект болып тек қана адам қаралмайды. Субъект деп барлық жан негізі ретінде түсіндірілетін, активтер және индивидуалдар атала бастады. Декарт субъект түсінігін бас айналдыратын дәрежеге жеткізді, ал Кант пен Гегель субъект түсінігіне негізделетін, Жаңа заманның екі атақты философиясын құрды. Субъект мөлшер ғана емес, барлық заттар негізіне айналды.
Объект деп адамға тәуелсіз заттар ғана емес, сонымен қатар субъектке активті бастау ретінде қарсы тұратын барлық пассивтер кіреді.
Антикалық философия үшін ең бастысы этика болды, ал орта ғасырлық үшін – теология, жаңа европалық үшін – тану теориясы. Өмірде қалай жүрем деген сұрақ емес, өмірді қалай танимын деген сұрақ жаңа философияның негізгі сұрағына айналды. «Адам деген не?» сұрағын басты орынға қойған Жаңа заманның көптеген философтары, соның ішінде И.Кантта адамға білуші, үйренуші жан ретінде қарады. Мұндай қызығушылықтың қозғалысына Жаңа заман мәдениет саласының ғылымы әкелді, сондықтан философия ғылым туралы айтылған шешімдерге бейімделді.
Достарыңызбен бөлісу: |