1. Қайта өрлеу дәуірі және ғылымның дүниетанымдық және теориялық алғы шарттарыны қалыптасуы. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым түсінігінің эволюциясы



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі40,38 Kb.
#87575
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 апта

Бруно Джордано Филиппо — италиялық философ, ақын, астроном. Дінге қарсы көзқарасы үшін шіркеу басшылары оны қуғынға ұшыратты. Сондықтан ол Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция оны діннен безген деп айып тағып, сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін тірідей отқа жағып өлтірді. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды (“Ғалам және ғалам дүниелері, шексіздік туралы”, 1584). Дүниенің физ. біртектілігін (барлық дене жер, су, от, ауа және эфирден тұрады деген 5 элемент жөнінде ілімі) мақұлдайды. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрон. жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет